Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Кеңседе тамақтануды білесіз бе, әріптес?

Кеңседе тамақтануды білесіз бе, әріптес?

Кеңседе тамақтануды білесіз бе, әріптес?

Басымыздан тірлік артылып жатқанда, біз кейде кеңседе компьютердің алдында, қағаздардың арасында көп отырамыз. Осының әсерінен ағзамыздағы зат алмасу мен калория бөліну процесінде өзгерістер орнап жатады.

Кеңседе күні бойы қағаздардан бас алмай отырған адамның денсаулығында мін болмайды десем, қатты қателесемін. Жұмыс бастан асып барады деп, байбалам салып жүріп, асқазан жайын ойлауды да ұмыт қалдыратындар жоқ емес.

Кеңседе тамақтанудың негіздері

Күні бойы орындықта отыру белгілі бір деңгейде бұлшық етке салмақ салу, бел омыртқаға күш салу, қанайналымы жүйелерінің бұзылуы сынды қолайсыз жайттармен байланысты.

Ол үшін жұмыстан шыққан соң, спортпен айналысып, жүгіріңіз деп айтуға ұялу керек. Өйткені күні бойы бас алмай жұмыс жасап, үйге әрең жететін жаннан мұны талап ету, әрине, ұят. Көбі адамдарға лық толы қоғамдық көліктерге мініп, ал енді бірі өз көліктеріне мініп алып, үйдегі сүйікті дивандарына асығады. Осының кесірінен артық салмақ артып, денсаулықта проблемалардың ұшы көріне бастайды.

Ой еңбегімен көп жұмыс істейтін жандар қолды іске аз араластырады. Көбіне олар тек қалам алып қағазға жазады, не пернетақтамен жұмыс жасайды. Осылай белсенді түрде энергияның сыртқа шығуы ішкі ағза мен ми жұмыстарына кері әсерін алып келетін рас. Сонымен қатар тек оймен ғана жұмыс жасап, қолды тек жазу үшін ғана пайдаланумен шектелу басқа органдардың жұмысын шектейді.


Ми белгілі бір деңгейде глюкозаны «жейді». Ой еңбегімен шұғылданған адам да дене еңбегімен жұмыс жасаған адам секілді көп энергияны шығындайды. Сондықтан еш қимылдамай отыратын адамдардың асқазаны да өз уақытында тамақ қажет етіп отырады.

Көмірсутекті өнімдер де ми жұмысы үшін тең түсуі қажет. Жеңіл көмірсутекті кофеттер мен қантты, не тәтті тоқаштардан дәм татсаңыз, глюкоза үлкен үлеспен қанға өтеді.

Күні бойы кеңседен шықпайтын жұмыскерлер көбіне-көп шынықпаған жандар болып келеді. Өйткені олар бір қалыпты температурада, бір орында қозғалмай отырады. Сондықтан олар иммунитеттің төмендеуіне көп шалдығады.

Кеңседе қандай тағамдарды пайдаланбау керек?

Әдемі дене бітімін сақтап қалғысы келетін жандар мүлде ауызға татып алуға болмайтын өнімдер бар. Бұлар жоғарыкалориялы пиццалар, фаст-фуд, майға қуырылған картоп, қатты нандар және т.б. күрделі тағамдар.

Сонымен қатар, күн сайын тәтті тоқашпен, печеньемен не конфетпен шәй ішуге де үйренбеу керек.

Шәй мен кофені қантсыз ішуге де тырыспаңыз. Өйткені екі түйір қант қосылған шәй мен бір тәрелке сорпа ішу – бірдей.

Кеңседе отырған әріптес, денсаулықтың да жайын ойлап қойыңыз!

Дайындаған және суреттерді түсірген: Ақерке Әбілхан

529 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 қазан 2012, 11:57
Пікірлер
+0
08 қазан 2012, 12:01

сонда не жеу керек екен? :roll:

+0
08 қазан 2012, 12:07

Тәтті жей беру керек екен. :)

+0
08 қазан 2012, 12:17

саған болады, тек маған емес ))

+0
08 қазан 2012, 12:54

Бүгінде 2 тәрелке сорпа ішкен сияқты болдым)

+0
08 қазан 2012, 14:35

Енді қант салынған кофе мен шәй төгіп алған клавиатураларды тазалау әдістері туралы мақала сұранып тұр-ау. Ноутбуктарды жөндейтін орындар тізімі де артық болмас^__^ Компьютер алдында тамақ жеуімді тоқтатқанға дейін бастан талай өткен бұл жағдайT_T

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...