Кеңседе қалай дұрыс тамақтанған жөн?

Кеңседе қалай дұрыс тамақтанған жөн?
Фото: vilingstore.net

Жұмыс – қоғам күші. Жұмыс істеу адам баласының белгілі бір кезеңге жеткен кезде жасайтын міндетті бір дүниесі. Жұмыс күн көріс қамын жасау үшін қажеті. Себебі сіз сол арқылы жігер аласыз, жалақы аласыз. Ал жұмыстың түрі көп. Бірі түзде, бірі үйде. Сол секілді қазір ақпараттық дамыған заманда жұмысты кеңседе отырып жасайтындардың қатары көп. Сондықтан кеңседегі тамақтану ережесін дұрыс сақтаған жөн. Ал бұл ережелерді білгіңіз келсе, ақпаратқа көз жүгіртіңіз. 

Диетолог ғалымдар төмендегі бір қатар ұстанымдарды ұсынады:

Кеңседе жұмыс барысы кезінде жүре-тұра арасында аздап тамқтанып тұрған дұрыс. Яғни, таңғы асыңыздан кейінгі асқазан сіздің күні бойына аш қылмауға тырысады. Дегенмен нәр татып жүрген жөн. 

Фаст-фуд өнімдерінен бас тартыңыз. Бұл кеңседе жеуге арналған тағамдар тізімі емес. Оның орнына жеңіл-желпі жеміс-жидек алыңыз. Тез дайындалатын түрлі тағамдардың да қашыңыз. 

Шоколад өнімдері мен газды сусындарды да пайдаланбауға тырысыңыз. Дегенмен аз-маз жеуге болады. Бірақ күні бойына кеңседе бұл тағамдарды пайдалану сіздің денсаулыңызға зиян. Анығын айтқан кезде бас ауру, бас қан тамырларының қан жүйесінің бұзылуына алып келеді. 

Жұмыс кезінде босай қалсаңыз көк шай ішіңіз. Бұл өте пайдалы. Кеңсе атмосферасына қарай көк шайдың пайдасы зор. 
Ескерту: күніне үш кеседен артық кофе ішпеңіз. Бұл арнайы тәжірибеден өтіп, зерттеу жасау арқылы келген кеңес. Кеңеседе бұл ережені қатаң ұстаныңыз.

Түскі асқа шыққан кезде, жұмысты ұмытыңыз. Бір сәт сергіңіз. Көңіліңіз тамақта болсын. Тіпті сөйлеспеңіз. Тамақ ішіп отырып сөйлесу организмге кері әсерін тигізеді. 

Жұмыс барысында болған дауға байланысты көңіл-күй түсіріп, сол күйіңізде барып тамақтанбаңыз. Себебі ми, жүрек, асқазан бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 

Сіздің денсаулығыңыз сізге ғана қымбат! 

М. Ақан