Ұйқысыздыққа жол бермеңіз

Ұйқысыздыққа жол бермеңіз
Фото: Forskning.no

Ұйқы – адам ағзасының қалыпты демалуы. Қарбалас, қауырт тіршіліктен қол босамай, ұйқының жағдайын ескермей қалып жатамыз. Алайда адам ұйқыға кеткенде оның миы, денесі, жүйке талшықтары, көз айналасы, яғни, барлық ағзасы дерлік тынығады. Денсаулығы дұрыс адам  міндетті түрде 8-9 сағат ұйықтауы тиіс. Ұйқысы қанық адам өзін сергек, қуатты сезінеді. Мидың да жұмыс жасау қабілеті ұйқыға тікелей байланысты.

Ұйқысыздыққа шалынсаңыз не істеу керек?  Оған әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы: қатты жабырқау, мазасыздық, жағымсыз ойлар, күн тәртібінің сақталмауы, жай жату, қатты шу, ауа қысымы, кешкі асты тым кеш ішу, ыңғайсыз төсек, т.с.с. Ұйқы қанбау нәтижесінде, жүйке жүйесі сыр бере бастайды. Көп адамдар ұйқыны ашу мақсатында кофе мен шай ішіп жатады. Десе де, осы екі сусынды жатар алдында пайдаланбаған жөн. Кофенің құрамында ұйқы ашатын элементтер бар. Шай ішсеңіз таңертеі бет-аузыңыз ісіп тұрады. Оның орнына жылы су ішкен дұрыс. Ұйқыңыз келмей жатса, классикалық немесе романтикалық ән тыңдаған дұрыс. Ән миды демалтады. Ми демалса, адамның ұйқысы келеді. Ең пайдалысы – жеңіл әрі қызықты кітаптарды оқу. Ұйқының ең маңызды кезеңі – түнгі ұйқы. Адамның түнгі ұйқысы барынша тыныш болғаны жөн. Сол үшін де күнделікті бір уақытта жатуға дағдылану керек. Оннан қалмай ұйықтайтын адамның денсаулығы  көп жағдайға сыр бере қоймайды. Кешкі асты ұйықтардан 3-4 сағат бұрын ішсеңіз тіпті жақсы болады. Сонымен қатар, түнгі ұйқының алдында таза ауада жарты сағатқа болса да серуендеп қайтсаңыз артық етпейді. Ұйқы алдында бөлмені желдетіп алған дұрыс. Төсектің тым қатты, жастықтың да үлкен болмағаны дұрыс. Түнгі ұйқыда қалың көрпе жамылмау керек. Жаз мезгілінде жай ғана жайманың өзі жеткілікті. Адам ағзасы ыстыққа үйреніп алса да жаман. Сол үшін қалыпты нормада ұйықтаған дұрыс. Ұйқыңыз тыныш болсын!

Ә. Жутаева