Жарнама Еліміздегі алғашқы «Кезексіз емхана»

Еліміздегі алғашқы «Кезексіз емхана»
Фото: Павел Головин

– Бүгінде елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтау жүйесіне көшуді жүзеге асыру қолға алынды, - дейді Айгүл Тажиева, – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарын жеткізу, сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілерден бөлінген сома мөлшерінен құрылады.

Оның ішінде егде азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекет тарапынан республикалық бюджеттен төлемдер бөлінеді. Жалпы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізудегі мақсат – халықтың, жұмыс берушілер мен мемлекет ынтымақтастығын дамыту, медициналық қызметтерді пайдалануды азайту, сонымен бірге тең ақы төлеуді енгізу қажет екеніне көз жеткізу. Бұл өз кезегінде халық аурудан қаржы қиыншылылығына тап болуынан алдын алады.

Қазіргі таңда заманауи медициналық құралдармен жабдықталған емхана 90 000-нан аса қала тұрғындарына қызмет етеді. Жүрек ауруларына шалдыққандарды қоса алғанда: ЭКГ, ЭХОКГ, холтеровтік мониторлеу ЭКГ және артериалық қысым, жүгіру жолы (тредмил-тест) халықаралық тіркеу стандарттарын қанағаттандырады.

2014 жылы емдеу мекемесі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелері арасында республикалық байқауда көш бастады және Денсаулық сақтау Ассоциациясының «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымы» сыйлығын жеңіп алды. Осы жылы республикалық байқау қорытындысы бойынша №17 қалалық емхана 1-орын алды, «2016 жылдың Үздік емханасы» дипломымен және арнайы сыйымен марапатталды.

Іске қосылған инновацияның басты мақсаты медициналық көмек барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету және оның заманға сай болуы, яғни емделушінің алтын уақытын бағалау. Қайта ұйымдастыру тіркеу жүргізуден басталды, айырбассыз заттарды жасау, сонымен бірге бірінші кезекте емделушілерге бар мүмкіншілікті жасау. «Электронды тіркелу» автоматтандырылған жүйесін енгізу және жүзеге асыру. Демек, барлық стратегиялық жерлерде үлкен кезектен арылу мақсатында «Кезекті басқарудың электронды жүйесі» таблосы орналасқан.

Емханада «Тұлғаны бағалау» ақпараттық дүңгіршегі жұмыс істейді. Ол емделушілерге қызмет көрсеткен тұлғаларды бағалауына мүмкіндік береді.

Медициналық ақпараттық жүйелер де енгізілген. «Еңбекке жарамсыздық парағының» электронды бағдарламасы мен «Флюорография» бағдарламасы тексеруден өткен емделушілердің дерекқорын қалыптастырса, «Иммунопрофилактика» вакцинопрофилактика процесін арттырып, Ұлттық күнтізбеге байланысты екпе жоспарын автоматты түрде қадағалап отырады. «Дәрігерлердің жұмыс кестесі» ақпарат қабырғасында автоматты түрде дәрігердің қабылдау уақытын көрсетіп отырады. Егер кестеде өзгеріс туындаса, емхана сайтында автоматты түрде жарияланады.

Тіркеу бөлімінің барлық байланыс телефондары емхананың  анықтамалық орталығында бір көпжелілі 391-02-91 нөміріне бекітілген. Мұнда тіркелу, жазылу, қайта адрестеу және күту режимдерімен толықтырылған.

Емделушілерге қолайсыздық тудырмас үшін күту залы да қарастырылған. Емханада «қазір және осында» принципімен мәселені шешетін Емделушілерді қолдау қызметі де жұмыс істейді. №17 емхана емделушілерге барлық жағдай жасау бойынша озық тәжірибеге ие болып отыр.

2011 жылы №17 емхана Республикада бірінші болып «Кезексіз емхана» (Алдын ала дәрігердің қабылдауына тіркелу) режиміне көшті. Қазіргі таңда да «Кезексіз емхана» режимінде жұмыс жасайтын тәжірибелі мекемеге айналды.

@. @assel_assanova