Безеу, әжім: олардың айтары бар

Безеу, әжім: олардың айтары бар
Фото: youtube.com

Бетте білінген өзгеріс адам ағзасындағы ақаудан сыр береді. Яғни, безеу, әжім, жарылу секілді сізге ұнамайтын құбылыстар сізге "шұғыл" ақпарат жеткізіп отырады. Олардың да айтары болады екен. Сонымен...

Еріннің жарылуы

Егер ерніңіз суық ауа-райының әсерінен емес, ағзаңыздағы өзгерістерге байланысты жарылса, себебін табу қиын емес. Ағзаңызда А, Е, D  дәрумендері аз дегенді білдіреді. Ал егер ерніңіздің жанында жарықтар пайда болса, С және В дәрумендерінің тапшылығын білдіреді.

Көз астының ісінуі

Әдетте көз күйзеліс кезінде, ұйқы қанбаған жағдайда, жастықтың биік болуы, ішімдік ішіп не шылым шеккенде, гормондар жетіспеген сәтте көздің асты ісініп кетеді. Сегіз сағаттан кем ұйықтамауға тырысыңыз, күйзеліске түспеуді қадағалаңыз.

Безеу

Егер ағзаңызда май мен қанттың мөлшері шамадан тыс көп болса, тері майланып, артынша бетте безеу пайда болады. Қандай жағдай болмасын, бет күтіміне көңіл бөліңіз: ұйқыдан оянғанда, ұйқыға жатар алдында, бояуды сүрткен кезде міндетті түрде бактерияларды жоятын арнайы сұйықтықтармен бетіңізді жуыңыз.

Сарғыш реңк

Егер адамдар теріңіз сарғыш тартып, өзгере түсті десе, бұған бей-жай қарамағаныңыз дұрыс. Ағзаға темір жетіспеген жағдайда және бауырда өзгеріс болса, адам терісі сарғыш тартады. Дәрігенге көрініп алғаныңыз дұрыс.

Боз реңк

Егер теріңіз шамадан бозарып кетсе, бұл да ағзаға темір жетіспегендіктің белгісі. Күнделікті мәзіріңізге ет, бауыр және саңырауқұлақ қосыңыз. Оларды С дәрумені бар көкөністермен бірге жеңіз. Сонда ғана ағза темірді көп жинайтын болады. 

Беттің қызаруы

Егер бетіңіз аллергияның есебінен қызармаса, демек қан айналым жүйесінде бір өзгеріс болып жатқандығы. Шылым шегу, дене температурасының күрт төмендеуі, ыстық монша бетті одан сайын қызарта түседі. Бұл жағдайда кофеин, шоколад, ішімдік, ыстық әрі ащы тағамдардан аулақ болу керек.

Құрғақ тері

Тері шамадан тыс құрғақ болса, әжім тез әрі жиі түсетін болады. Әжім кетіретін әрі ылғалдандыратын майлар бұл жағдайда көмектеспейді. Сыртқы емес, ішкі ағзаға да мән беру керек. Жиі су ішіп, көкеніс, цитрусты жемістер жеу керек. Балықты да көбірек жеп тұру қажет.

Беттің ісінуі

Бет қай кезде ісінеді? Ағзада сұйықтық көп әрі жиі сақталса, қан айналым және зәр шығару жүйесінде ақау білінсе, көп мөлшерде тамақтанғанда және ұйқы қанбаан кезде бет ісініп кетеді. Мұны тежеу үшін алдымен, тұзды тағамдарды мәзірден сызып тастап, су мөлшерін қалыптан асырмау керек.

Г. Берік