Спортқа зауқым жоқ...

Спортқа зауқым жоқ...

Спортпен шұғылдану - денсаулық пен шымырлықтың кепілі. Осыны біле тұрып, өзіңізді 15 минуттық жаттығуға да көндіре алмай қойдыңыз ба? Мәселенің шешімін бірге табайық.

"Менің уақытым жоқ"

Теледидар мен ғаламторда өткізілген уақыттың жарты сағатын ғана спортқа бөлсеңіз де болар еді. Күнделікті орындалатын жаттығулар, қиын болмаса да әсерлі бола алады.

"Спорт - байларға ғана тән"

Спорт залға бір айлық абонемент мейрамханадағы бір отырыстың бағасымен тең. Ендеше сол ақшаны үнемдеп жинаса да болады. Ал тіптен тегін спортпен айналысамын деушілерге де мыңдаған жол бар. Таңертең өз аулаңызда жүгіріңіз, доп ойнаңыз, жаттығулар жасаңыз, үйде билеңіз. Айта кетсек, ғаламторда спортқа арналған талай тегін бейнесабақтар бар.

"Мен тым шаршаймын"

Неге дейсіз бе? Себебі спортпен айналыспайсыз! Дене шынықтырсаңыз, жаныңыз да, тәніңіз де ерекше рухтанып, қосымша күш ала бастайды.

"Спортзалға баруға ұяламын"

Енедеше спортпен үйде, далада, аулада айналысыңыз. Далаға таңмен шықсаңыз, артық ешкім болмайды. Не үйде-ақ фитнес не аэробикамен айналысса болады.

"Арқам ауырады..."

Дене мен арқа жаттығулары бұл мәселені түбегейлі шешеді.

"Бірінші арықтап алу керек еді"

Арықтаймын десеңіз, басында диетаға отырмай, спорт пен диетаны қатар ұстаныңыз. Күш талап ететін жаттығулар - міне, нағыз диеталардың патшасы.

"Бірінші барып спорттық костюм алу керек"

Міндетті түрде емес. Өзіңізге ыңғайлы футболка, шорты кисеңіз болғаны. Әрине аяқ-киім ерекше ыңғайлы болуға тиіс. Оны айналысатын спорт түріне қарап таңдаған жөн.

"Спорт маған қызық емес"

Ендеше көңіліңізден шығатын спорт түрін іздеп табыңыз. Жүзу, шығыс биі, велоспорт немесе тағы да басқа. Бір спорттан жалықсаңыз, оны ауыстыру еш қиын емес. Спортпен айналысатын жер мен плееріңіздегі өлеңдерді ауыстырып тұрсаңыз болғаны.

Ал сіз спорттың қандай түрімен айналысасыз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: v-kachalku.ru

С. А