Алматылық жедел жәрдем тобы Литвада өткен жарыстан жеңіспен оралды

Алматылық жедел жәрдем тобы Литвада өткен жарыстан жеңіспен оралды

Алматы қалалық жергілікті ауруханалардың жедел жәрдем тобы Литвада өткен «Халықаралық VI жедел медициналық жәрдем сайысынан» жеңіспен оралды, деп хабарлайды Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының пресс-қызметі.

Бұл сайысқа Қазақстаннан жедел жәрдем тобы алғаш рет қатысып тұрғанын ескерсек, бұл біз үшін мақтануға тұрарлық жеңіс. Жарыстағы қазақстандық қатысушылардың басты қарсыластары Латвия, Эстония және Литва болған. Сайыс Литваның Каунас қалсында ағымдағы жылдың 5 - 7 қыркүйегінде өткен.

Жарысқа әлемнің бес елінен 28 команда қатысқан. Ал Алматы қаласының өзінен екі команда бақ сынасқан. Сайыс жеті этаптан тұрды:

  • Қоғамдық көліктерде (поезд) бала босандыру;
  • Күркеде жатқан емізіктегі тастанды нәрестелерге көмек беру;
  • Ми қабығының кесірінен тараған инфекциялармен күресіп, ауруға шипа табу;
  • Ауру адамды тез арада қоғамдық орындардан (әмбебап дүкен) жан сақтау бөліміне жеткізу;
  • Өз-өзін өлтіруге қарсы психологиялық көмек көрсету:
  • Жол-көлік оқиғаларынан жарақат алған жандарға медициналық жедел жәрдем көрсету;
  • Жедел жәрдем көлігін айдайтын жүргізушілердің эстафетасы.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

сурет: akimat-pvl.gov.kz

А. Әбілхан