Миыңыз туралы 5 дерек өміріңізді өзгертеді

Миыңыз туралы 5 дерек өміріңізді өзгертеді
Фото: fishki.net

Адам – қоршаған ортадағы сезім мен түйсігі бар бірден-бір тіршілік иесі. Оның миы үздіксіз жұмыс істейді. Тек біз мидың қызметін дұрыс басқарай алмай жүрміз. Адамның миы біз ойлағаннан да әлдеқайда шексіз мүмкіншіліктерге ие. Оны күнделікті жаттықтырып, тұрақты түрде жұмыс істеуге мәжбүрлеуге де болады. Ал бұл әрекеттер сіздің өмір сүру салтыңызды өзгертері хақ. 

1. Ми шындық пен жалғанның арасын ажырата алмайды 
Ми тек біздің бір қалыпты ойлаған дүниемізді қабылдайды. Одан келіп шығатын түсінік ми сіздің ойлаған нәрсеңізге қарай әрекет етеді. Яғни миды алдауға да болады. Сіздің қызуыңыз көтерілді делік. Оны түсіру үшін белгілі бір дәрі пайдалану керек. Бірақ басқа дәріні пайдаланып миыңызға бұл ыстық түсіретін дәрі екенін ескертесіз. Ми басқа мүшелерге сіздің нұсқауыңыз бойынша тапсырма береді.
Сонымен қатар сіздің әрбір көрген бейнеңіздің, естіген жаңалығыңыздың жақсы және жаманы да мидың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. 

2. Сіз ойлаған нәрсеңізді ғана көресіз. 
Не ойласаңыз да бұл сіздің өмірлік тәжірибеңіз болып қала бермек. Сіз көлік алдыңыз және сол күннен бастап қаладан тура өзіңіздің көлігіңізге ұқсас маркалы көліктерді жиі кездестіресіз. Мұның себебі жаңадан алған көлгіңіз жайында оны алғанға дейінгі кезден де көп ойлайсыз.

3. Миыңыздың көп уақыты «ұйқыда» болады. 
Кез келген адамның миы орта есеппен күніне алпыс мыңға жуық ой ойлауға қабілетті. Өкініштісі оның қырық мыңға жуығы кешегі ойлаған ойларыңыздың қалдығы болып қалмақ. Міне, сол себепті өмірді тым төмен бағалаймыз. Сондықтан отырған орнымыздан бастап әрбір істеген әрекетімізді әр түрлі етіп өзгертіп отыру маңызды. Мазасыз ойлар адамды алаңдатады. Ал бұл үздіксіз қайталанулар иммунитетіңізді төмендетеді. 
Миыңызды жаттықтырыңыз. Түрлі нәрсе ойлауға мәжбүрлеңіз. Миыңызды күштеп ойландырған сайын, оның жұмысы жақсарады.

4. Миыңызды уақытша «өшіріп» қойыңыз. 
Сіз күні бойына жүре беріп, әр неден ой түйіп, мыңдаған ойдың ішіне қамалып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан миыңызды арасында уақтышта «өшіріп» қойғаныңыз жөн. Бұл әрекет арқылы сіз бір қалыпты өмір сүруге жол ашасыз әрі иммунитетіңізді де жақсартасыз. Миды уақытша өшірудің ең оңай әрі қарапайым жолы – медитация. 

Медитация дегеніміз адамның ішкі жан дүниесіне үңілуі. Бұл сізге таптырмас көмек. Ескерте кету керек еңбек демалысы уақытында және тұрақты түрде демалыңыз. Әрі қалауыңызша емес, миыңызды тынықтыратын демалыс түрінен бастаңыз.

5. Сіз миыңызды өзгерте аласыз. Шындық. 
Белгілі бір әрекетке көз тоқтатып, сол дүниеге ойлана қараған сәтіңізде миыңыздың жаңа жүйке жасушалары іске қосылады. «Мен арықтай алмаймын» дейтін бейтарап ойды санаңызға енгізіп, миыңызды соған үйретіп алудан аулақ болыңыз. Керісінше «менің тұлғам өзіме сай әрі керемет» деп көңіл аулаңыз.

М. Ақан