Әсем күлкінің бес қағидасы

Әсем күлкінің бес қағидасы

Әсем күлкінің кепілі - әдемі әрі сау тістер болып табылады. Күлкім тартымды әрі есте қаларлықтай болсын десеңіз, тіс күтімі туралы қағидаларға зер салыңыз.

№1 қағида. Тіс щеткасына аса мән беріңіз. Щетка талшықтары қатты болмағаны абзал. Жұмсақ талшықтары бар тіс щеткалары ауыз қуысын ас қалдықтарынан тазартып қана қоймай, оны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Тек полиэстрден жасалған тіс щеткасын қолданған жөн. Себебі, нейлон немесе ситрон талшықтары ауыз қуысын тазартқанменен, тіс жиегіне кері әсерін тигізеді.

№2 қағида. «Қымбат щетка сапалырақ» деген бос сөз. Арзан щетка қымбат щеткаға қарағанда тісті жөнді тазартады. Себебі, оның талшықтары көбірек әрі қалың келеді. Ал электрлі щеткаларды мүлдем пайдаланбаған жөн. Себебі, ол кариестің түсуіне жол береді.

№3 қағида. Күніне тісті екі мәрте емес, бірнеше рет тазалау керек. Тіпті, әр тамақтанған сайын тісіңізді тазартып, ауыз қуысын шайқап тұрыңыз. Тісіңізді жиі тазалау арқылы сіз тек сыртқы орта әсерінен қорғанып қана қоймай, жағымсыз иістен де арыласыз.

№4 қағида. Тісті асықпай, мұқият тазалау керек. Щетканы қатты ұстаудың қажеті шамалы. Қалам-қарындашты қалай ұстасаңыз, щетканы да солай ұстаған жөн. Осы арқылы тістің дұрыс тазалануына жол ашасыз.

№5 қағида. Тіспен бірге, тіл мен таңдайды тазалауды ұмытпағайсыз. Тіл мен таңдайға көптеген бактериялар ұялайды. Олардан арылу үшін тіспен бірге тазалап тұрыңыз.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: volgoznak.ru, vk.com

Ғ. Ұзақ