Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Ыстық күндерден жүрегімізді қорғайық

Ыстық күндерден жүрегімізді қорғайық

Ыстық күндерден жүрегімізді қорғайық

Жаздың ыстық күндері жүрек-қан тамырлары ауыратын адамдар үшін қиынға түседі. Ыстық мезгілде жүрекке жүктеме көбейеді. Бүгінгі материалда ыстық ауа райынан жүректі қалай қорғау керектігі туралы білетін боласыздар.

Барлық адамға арналған кеңестер:

– Сағат түскі 12.00-16.00 аралығында далаға шықпауға тырысыңыз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, көлеңке тауып, оқта-текте демалып тұрыңыз;
– Ашық түсті табиғи матадан тігілген киімдер киіңіз;
– Тар жағадан, қысатын белбеуден және денеге жабысып тұратын жейделерден бас тартыңыз;
– Жануар майын және етін аз жеуге тырысыңыз. Мәзіріңізде сүт өнімдері және өсімдік негізіндегі тағамдардың көп болуын қадағалаңыз. Тұздан бас тартуға тырысыңыз;
– Су, морс және көк шай ішіңіз. Сонымен қатар, мұз және лимон қосылған шөптік шайларды ішіңіз. Газдалған сусындардан бас тартыңыз;
– Егер су жағасына барсаңыз, суға бірден түспеңіз. Температураның бірден төмендеуі жүрек ұстамасына әкелуі мүмкін;
– Күні бойы өзіңізге бүріккіштен су шашуыңызға болады, алайда оның ішіндегі су аса суық емес, жылы болғаны жақсы.

Жүрек ауруы бар адамдарға кеңестер:

– Бұл жағдайда артық сұйықтың зиян болуы мүмкін. Егер сізге жүректің ишемиялық ауруы белгіленген болса, тәулігіне су мен морс ішуді 800 миллилитрге дейін қысқарту керек. Ағзада судың тоқтап қалуы (застой) артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, қатты шөлдесеңіз, аузыңызды сумен шайып алыңыз;
– Дәрігермен кеңесіңіз. Қысымға арналған дәрілер жазып беруі мүмкін;
Күннен қорғайтын көзілдірік киіңіз. Көз бұлшықеттеріне күш салу қан тамырларының қысылуына әкеледі;
– Ыстық күндері кептірілген өрік, мейіз, банан, қарақұмық, бадана жеңіз. Олар калий мен магнийге бай, сондықтан жүректің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі;
– Темекі тартпаңыз. Никотин қанға оттек келуіне кедергі болады;

Егер көшеде адамның ауырып тұрғанын көрсеңіз, оны көлеңкеге апарып, бетіне су шашыңыз. Жағасын ашып, галстук таққан болса, оны шешіңіз. Егер жағдайы жақсармаса, міндетті түрде жедел жәрдем шақырыңыз. 

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: www.howtwoguide.com
Қосылған күні: 23 маусым 2016, 12:38

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->