Әскери адамдардың әйелдері ұйқысыздыққа жиі шалдығады

Әскери адамға жар болу оңай шаруа емес. Америкалық ғалымдардың айтуынша, әскери адамның әйелінің түн ұйқысы жиі қашып, сол себепті мазасы болмайды екен. Осы мәселеге қатысты зерттеу нәтижесі American Academy of Sleep Medicine сайтында жарық көрді.

Ғылыми тәжірибеге офицерлермен шаңырақ құрған 1480 әйел қатысыпты. Зерттеу кезінде олардан күйзеліске қаншалықты жиі ұшырайтыны, өмірге көңілінің толатыны-толмайтыны, дәрігерге қаншалықты жиі көрінетіні туралы сауалдар қойылды.

Ақыры жауынгер жұбайларының 54%-ның үнемі ұйқысы қашып, соның кесірінен күні бойы мазасыз күйде жүретіндіктері анықталды. Ал бұл әйелдердің 62%-ының апта ішінде қатты шаршап-шалдығатын кездері болады екен. 

Мамандардың айтуынша,тек түрлі соғыс қимылдары болған аймақтарда қызмет етіп келген әскерилерге ғана емес, олардың отбасы мүшелерінен, бірінші кезекте жұбайларының хал-жағдайына басты назар аудару керек.

Дереккөз: 24.kz