Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Есте сақтау қабілетін арттырудың оңай жолы

Есте сақтау қабілетін арттырудың оңай жолы

Есте сақтау қабілетін арттырудың оңай жолы

Қазіргі таңда жасы ұлғайған кісілермен қатар, жастардың да есте сақтау қабілетінің төмендегені жиі байқалады. Оның себептері де көп. Солардың бастыларына тоқталсақ:

Күйзеліс. Қоршаған орта, у-шуы көп қала мен экология. Таза ауада көбірек жүру, тыныш әрі уақытылы ұйықтау мен бірқалыпты жұмыс кестесі есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

Дұрыс тамақтанбау. Уақытылы тамақтанбау, майлы, ащы, тәтті тағамдарды көп қолдану, газды сусындарды, кофе мен шайды жиі қолдану есте сақтауды нашарлатады.

Салауатты өмір салтын ұстанбау. Спиртті ішімдіктер, шылым шегу, энергетикалық сусындарды тұтыну мидың жұмысына кері әсер етеді. 

В 12 дәрумені мен фолий қышқылының жетіспеуі. В 12 дәрумені сиырдың бауырында, ет, балық өнімдерінде, жұмыртқаның сары уызында кездеседі. Фолий қышқылы жасыл түсті көкөністерде, орамжапырақта, қарақатта, бүлдіргенде, қызылша, жасыл бұршақ, сәбіз, асқабақ, қиярда, саңырауқұлақ, банан, апельсин, қауын сияқты көкөністер мен жеміс-жидектерде өте көп.

Дәрі-дәрмектерді жиі қолдану. Кез келген дәрілер, әсіресе, ауыруды басатын, ұйықтататын дәрілер, антидепрессанттар есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Аталған кеңестермен қатар, есептер шығару, түрлі логикалық жұмбақтарды шешу де есте сақтау қабілетіңізді жақсартады.

asylsoz.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: spbimir.ru
Қосылған күні: 28 мамыр 2016, 06:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.