Ұзақ отырудың зияны қандай?

Ұзақ отырудың зияны қандай?
Фото: myfamilydoctor

Қазіргі таңда көпшілігіміз кеңседе компьютердің алдында көп жұмыс істейміз. Техниканың дамуы да адамның аз қимылдап (әсіресе қала тұрғындарына), теледидар мен телефонға жиі үңілуіне әкеп соқты. Алайда  ұзақ отырудың денсаулығыңызға аса зиян екенін білесіз бе? Отырғанда ағзамыз қандай өзгерістерге ұшырайды?

Адам отыра салысымен бұлшық еттердің жұмысы бәсеңдеп, калорияны жою жылдамдығы минутына 1 килокалорияға дейін төмендейді. 3 сағаттық отырыстан кейін қантамырлар кішірейіп, қан айналымы нашарлайды. 24 сағат бойы отырсаңыз, инсулиннің глюкозаны қармау қасиеті 40 пайызға төмендейді. Сол себепті диабеттің 2-түрінің пайда болу қаупі туындайды. 2 апта бойы күн сайын 6 сағаттан отырсаңыз, ағзадағы холестерин мөлшері артып, артық салмақ қосуыңызға себеп болады. Майды ыдырату ферменттерінің жұмысы нашарлайды. Адам қимылдағанда миды қанмен, оттегімен, көңіл күйге жауапты гормондармен қамтамасыз етеді. Ал ұзақ уақыт қимылсыз отыру мидың жұмыс істеу белсенділігін бәсеңдетеді. Ұзақ отыру, сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары ауруларының, простата, омырау безі қатерлі ісігі ауруының пайда болу қаупін арттырады.

Сондықтан дәрігерлер күн сайын теледидар алдында тапжылмай отыру денсаулығыңызға зиян екенін айтады. Ал кеңседе жұмыс істейтіндерге әр 1 сағат сайын 5-10 минуттық үзіліс жасап, жаттығулар жасап тұруға, түскі үзілісте кем дегенде 30 минут таза ауада жүруге, жұмыстан соң тағы теледидар алдына жайғасып «демалуға» емес, көбірек қимылдауға кеңес береді.

Дереккөз: asylsoz.kz

С. Ерсін