2029 жылға қарай ғалымдар адам өмірін ұзарта алады

2029 жылға қарай ғалымдар адам өмірін ұзарта алады
Фото: newsera.ru

«Google» корпорациясының техникалық директоры, әйгілі өнертапқыш Рэй Курцвейл 2029 жылға қарай ғалымдар адам өмірін ұзарта алатын дәрежеге көтерілетінін мәлімдеді. Ол кезде адамдардың орташа өмір сүру жасы да ұзаратын көрінеді.

- Біз қатерлік ісік ауруын емдеудің жолын табуға жақындап келеміз. Қазіргі таңда ғалымдар иммундық жүйеде онкологиялық ауруларға қарсы күресетін «MUS81» ферментінің қызметі мен емделуін зерттеуде. Осы арқылы жақында қатерлік ісік ауруын емдеу жолы табылатын болады. Нәтижесінде адамдардың өмір сүру жасы да ұзарады, - деді белгілі футуролог.

Рэй Курцвэйлдің айтуы бойынша, жаңа технологиялардың дамуы алдағы 15 жылда өз нәтижесін беретін көрінеді. Ол кезде ғалымдар мен дәрігерлер табиғат заңдылығына бағынбай-ақ адамдардың өмір сүру уақытын ұзарта алатын мүмкіндікке ие болатын көрінеді.  

Ө. Сансызбай