Адам бойында 6 артық дене бөлігі бар екен

Адам бойында 6 артық дене бөлігі бар екен
Фото: informvest.net

Естімеген елде көп. Жақында аустралиялық доктор Эндрю Рочфорд адам бойындағы 6 артық дене мүшесі бар екенін айтып, ғылыми тұжырым жасады.

Эндрю Рочфорд айтуы бойынша, адам денесі сан ғасырлар бойғы эволюциялық өзгерістерден өткен. Бүгінде сол өзгерістер нәтижесінде қажетсіз болып қалған дене бөліктері бар көрінеді. Доктор ол дене бөліктері бір кездері белгілі бір қызмет атқарғанын, ал қазір қажетсіз екенін алға тартып отыр. Олай болса қандай дене бөліктері екенін біле отырайық.

Аустралиялық доктор қажетсіз дене бөлігінің алғашқысы ретінде аппендиксті (соқыр ішектің құрт тәрізді өскіні) атап отыр. Ол бұл ішкі дене бөлігін қажетсіз санайды. Дегенмен, аппендикс асқорытуда ішінара қызмет атқаратыны рас. Ал Эндрю Рочфорд болса, ол қызметтің адам денсаулығы үшін аса қауіпті емес екенін өз зерттеуі бойынша дәлелдеп шыққан.

Эндрю Рочфорд адам бойында 6 артық дене бөлігінің біріне таңдай бездерін жатқызған. Ал оның не үшін қажет емес екені туралы нақты айтпаған. Тек жасөспірім кезінде таңдай бездерін алдырған денсаулыққа пайдалы деген тұжырымға келген.

Адам ағзасы үшін құлақ артындағы бұлшықеттердің қызметі де әлсіреген. Себебі мұндағы бұлшықеттердің көпшілігі құлақтың қимыл-қозғалысына жағдай жасайды. Эндрю Рочфордтың айтуынша, артқы бөлігіндегі бұлшықеттер бұл қызметті де атқармайды екен.

Мұрын қуысы қабы да адам бойындағы артық дене бөлігі екен. Профессордың айтуы бойынша, бұл дене бөлігі де ағзаға пайдалы емес көрінеді.

Адам көркін ашатын құлақ сырғалығы да артық дене бөлігінің қатарына жатқызылыпты. Доктор бұл дене бөлігінсіз де өмір сүруге болатынын алға тартқан.

Эндрю Рочфорд алтыншы артық дене бөлігіне ер адамдардың омырау түйіндерін жатқызған. Ол ағза үшін ешқандай қызмет атқармайтынын, тек әйелдерге ғана қажет екенін айтып отыр.

Аустралиялық ғалым аталған дене бөліктерін алдырып тастағаннан денсаулыққа көп зиян келмейтінін дәлелдеп бағуда. Дегенмен бұл дене бөліктерін алдыру денсаулыққа зиян келтірмегенмен, белгілі бір қызмет атқаратыны жасырын емес.

Ө. Сансызбай