Мәңгі жас болудың құпиясы табылды

Мәңгі жас болудың құпиясы табылды
Фото: www.youtube.com

Ғалымдар мәңгі жас болудың құпиясын ашты, − деп жазады Science басылымы. Құпияны Лозаннаның Федералдық политехникалық мектебіндегі биологтар ашқан.

Зерттеушілер дәрумендерді бағаналық жасушаларды жасарту үшін қолданады. Бағана жасушалары жасуша тіндерін қайта қалпына келтіреді. Дегенмен жас келген сайын адамдарда дәрумендердің әсер ету деңгейі төмендейді. Бірақ жасушаларды қайта қалпына келтіретін функция бар, ол - митохондрия, яғни жасушадағы белгілі бір түйіршіктер.

Ғалымдардың айтуынша, кейбір жасушалар мен сүтқоректілердің қайта қалпына келу процесі уақыт өте келе нашарлайды. Кез келген зақымнан ұзақ уақыт бойы қайта қалыпқа келу қартаюдың белгісі болып саналады.

Мұның себебі зерттеулердің мәліметінше, митохондрия түйіршіктері ағзадағы жасушалардың тіршілік етуіне өте қажет болуында. Митохондрия нашар жұмыс істегенде бағана жасушаларының қайта қалпына келу процесі де баяулайды.

Ғалымдар екі жыл өмір сүрген тышқанның бағана жасушаларындағы митохондрия түйіршіктерінің жұмысын жасушаны қайта қалпына келтіретін кофермент NAD+ пен құрамы В3 дәруменіне ұқсас никотинамид рибозидтің көмегімен қайта қалпына келтірді. Кофермент NAD+ дәрумені митохондрия түйіршіктеріндегі метаболизмді таратушы қызметін атқарады.

Нәтижесінде олар АТФ түріндегі энергияны таратып, тышқандардағы жасушалардың қайта қалпына келу процесін күшейтеді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, тышқандар рибозид дәрумендерін алмаған кеміргіштерге қарағанда ұзақ өмір сүретіндігі анықталды. Зерттеушілер осыған ұқсас зерттеу қорытындыларын көрсетті. Онда да олар бас миы мен терідегі бағана жасушаларының әсері ұқсас екендігін айтты. Сонымен қатар, никотинамид рибозид дәруменін қабылдаудың кері әсер бермейтіні анықталды. Дегенмен, ғалымдардың айтуынша, қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін залалды жасушалардың таралу қаупі бар.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін