Семіз әрі аласа бойлы болу ақша табу мүмкіндігін төмендетеді

Семіз әрі аласа бойлы болу ақша табу мүмкіндігін төмендетеді
Фото: вк

Ұлыбритания мен АҚШ генетиктері бойдың қысқа болуы мен семіздік жақсы өмір сүру мүмкіндігін төмендететінін анықтады. Зерттеу жұмысын British Medical Journal басылымы жариялады, − деп хабарлайды Lenta.ru.

Ғалымдар батыс қоғамында әлеуметтік дәрежесі жоғары адамдардың көбінің бойы ұзын әрі семіздікке шалдықпағанын айтады. Генетиктердің мәліметінше, бойдың қысқалығы білім деңгейінің төмен болуына, сонымен қатар, табыстың аз кіруіне әсер етеді.

Ғалымдар әрбір 6 сантиметрдің ер адамдардың жылдық табысының шамамен 2,3 мың долларға өсуіне көмектесетінін айтып отыр. Ал әйел адамдардың семіздігі шамамен 4,2 мың долларды жоғалтуға әкеледі екен.

Дегенмен мамандар бұған нақты ненің әсер ететінін білмейді. Олардың болжамынша, бойдың биік болуы және семіз болмау қоғамның адамға деген қатынасына жақсы септігін тигізеді.

Айта кетейік, зерттеу жұмысына 37-73 жас аралығындағы шамамен 120 мың ұлыбританиялық ер адам қатысты. Мамандар олардың бойының ұзындығына, дене массасының индексіне, сонымен қатар табыс мөлшеріне қызығушылық танытты.

С. Ерсін