Жасөспірімдерге косметика өнімдерін жиі пайдалану қауіпті

Жасөспірімдерге косметика өнімдерін жиі пайдалану қауіпті
Фото: bonus2you.net

Косметикалық өнімдерде химиялық қоспалардың көп болатынын бәріміз білеміз. Химиялық қоспалар денсаулыққа аса зиян. Әсіресе, жасөспірімдер үшін химиялық қоспаларға «бай» косметика өнімдері қауіпті екен.

Калифорния университетінің зерттеушілері жасөспірім қыздар үшін косметика өнімдерін жиі қолдану денсаулықтарына қауіпті екенін мәлімдеп отыр. Косметика өнімдері құрамындағы химиялық қоспалар гормондар қызметін өзгертіп, обыр дертіне шалдықтыруы мүмкін екен. Олардың айтуы бойынша, жеткіншектер косметика өнімдерін пайдалануда үшкүндік үзіліс жасап тұрған дұрыс. Зерттеушілер үшкүндік үзіліс арқылы жасөспірім қыздардың ағзасында оң өзгерістердің орын алғанын байқаған.

Химиялық қоспалар көбіне шампунь мен лосьондарда көп болады екен. Сондай-ақ арзан косметика өнімдері де денсаулыққа көп зиянын тигізеді. Себебі, олардың құрамында химиялық қоспалар мөлшерден көп болады.

Ө. Сансызбай