Шұжықтар денсаулыққа зиян келтіреді

Шұжықтар денсаулыққа зиян келтіреді
Фото: vredno.org

Өндірісте өңделген ет — шұжық, шұжықша, тұшпараға салынған ет, жартылай әзірленген тағамдар ұйқы безі обырының қаупін арттыра түседі. Бұл пікірді Швецияның Каролина институты ғалымдары айтты. 

Күн сайын желінген өңделген еттің әр 50 грамы (бір шұжықша) қауіп әсерін 19 пайызға арттыратын көрінеді.

Зерттеу жетекшісі Сюзанна Ларсонның айтуына қарағанда, адамның көбі өңделген етті күніне қанша мөлшерде жейтінін байқамайды. Оған кафелерде жеген котлеттер, салаттар құрамындағы ет, хот-догтар мен гамбургерлерді қосыңыз.

Ғалымдар күнделікті мәзірге көңіл бөліңіздер, мүмкін болса, жоғарыда аталған өнімдерді мүлде жемеңіздер немесе барынша азайтыңыздар дейді. 

Ж. Исакаев