Ұшақтағы ауа улы болуы мүмкін

Ұшақтағы ауа улы болуы мүмкін
Фото: solareclipse.org

Зерттеушілер жолаушылар ұшағындағы ауаның неліктен улы болатынын анықтады. Салонның ауа баптағыштарындағы ақаудан улы заттар түзіледі. Ал ол адамның денсаулығы үшін қауіпті келеді.

Зерттеуді жүргізген неміс ғалымдары ұшақ экипажы мүшелерінің қанынан органофосфат атты зиянды химиялық заттың табылғанын айтады. Бұл химикат жүйке және сал ауруларына душар қылады. Бұған ұшақ кабинасындағы ауаның дұрыс желдетілмеуі себеп.

Қозғалтқыш бөлігінен өтіп, ішке кірген ауа сүзгіден өтпейтінін де есте сақтаған жөн. Айта кету керек, салондағы лас ауа салдарынан 2012 жылы пилот қайтыс болған. Медиктер оның қанынан органофосфаттың қалдықтарын тапқан.

Дереккөз: 24.kz  

Y. Almabek