Ананың артық салмақ қосуы баланың аутизмге шалдығуына әкеп соғады

Ананың артық салмақ қосуы баланың аутизмге шалдығуына әкеп соғады
Фото: detyvradost.ru

Ананың артық салмақ қосуы мен диабетпен ауыруы баланың аутизмге шалдығуына алып келеді.

Pediatrics басылымының мәліметінше, ғалымдар АҚШ-та 3 мың отбасыға зерттеу жүргізген. Зерттеу жұмыстары кезінде артық салмақ қосқан және диабетпен ауыратын әйелдердің аутизмге шалдыққан баланы өмірге басқаларға қарағанда 3-4 есе көп әкелетіні анықталған.

"Біз үшін артық салмақ пен диабеттің баланың аутизмге шалдығуына нақты қалай әсер ететінін білу біз үшін маңызды", − дейді осы салада зерттеу жүргізіп жатқан Даниель Фаллин.

Дереккөз: tengrinews 

С. Ерсін