Зейінділікті арттырудың 12 қулығы

Зейінділікті арттырудың 12 қулығы

Кейбір мәселелер сіздің толық зейініңізді талап етеді. Алайда миыңыз бен ақылыңыз шешім жасауға жетпейтіндей әсерде ме? Онда мынадай қулықтарды пайдаланыңыз.

1. Темекі шекпейтіндерге – кофе мен бәліш. Глюкоза мен кофеиннің қосындысы зейінділікті жақсартады.

2. Сағыз шайнау кофеинге қарағанда зерделілікті екі есе арттырады, алайда нәтижесі 20 минутқа ғана созылады.

3. Сурет салыңыз, сызба сызыңыз. Егер мәселені ойлап жатып, екінші жағынан сурет салып жатсаңыз, бұл зейінді арттырып, есте сақтауды жақсартады.

4. Танымал ғалымдар мен кәсіпкерлер сынды ақылды адамдар жайлы ойлаңыз. Ақылды адамдарды ойлау оларға байланысты ассоциациялар тудырады («мықты», «дарынды», «зерек»). Бұл өз кезегінде дұрыс ойларға икемдейді. Нәтиже 15 минутқа созылады.

5. Басқа адамдармен сөйлесіңіз, өмірлеріне қызығушылық танытыңыз, жалғыздық сезімі баурап алудан сақтаныңыз. Жалғыздық когнитивтік қасиеттерді бәсеңдетіп қана қоймай, мезгілсіз өлімге жетелейді.

6. Физикалық жаттығулар.

7. Классикалық әуен тыңдаңыз. Басқа музыка бейтарап немесе жағымсыз әсер етеді.

8. Бір уақытта бірнеше зат істеуден аулақ болыңыз.

9. Еркектер, көз алдыңызда әдемі қыздар жүрмейтін болсын. Тіпті ойламауға тырысыңыз. Әйелдерге бұл ереже қажет емес.

10. Ұйқыңыз қанық болсын. Әрбір адамның ұйқы қану уақыты әртүрлі. Аз ұйықтайтын адамдарға еліктемеңіз.

11. Егер креативті бірдеңе ойлап табу керек болса, көлденең қалыпқа еніңіз. Жатқан кезде норадреналин деңгейі төмендеп, дене босаңсиды, осы кезде креативтілік артып, шешім табуға болады.

12. Өзіңізге сеніңіз. Сенім когнитивтік қасиеттерге әсер етеді. Тіпті қарапайым ақ халат киіп жүрудің өзі дәлдік пен зейінділікті арттырады.

Сурет: womens-news.net

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina