Бас ауыртатын иістер

Бас ауыртатын иістер
Фото: dlaronaz.wordpress.com

Бас бекерден-бекер ауырмайды. Бір себеп болатыны анық. Көбіне адам басы суықтан ауырады. Сондай-ақ жағымсыз иістерден де бас ауырады екен.

Жағымсыз иістер адам миындағы иіс сезу түйсіктерін тітіркендіріп қана қоймай, басын ауыртады да. Әсіресе, бас ауыртатын иістердің қатарына сарымсақтың, әтірдің, аэрозолдың, көлік ішіндегі иіс шығаратын заттардың, темекі түтіні мен ас бөлме иісін жатқызуға болады. Жағымсыз иістерден көбіне әйелдердің басы ауырады екен.  

Зерттеушілер иіске баса мән бермеуге кеңес береді. Себебі иістен қорқып жүріп осмофобия дертіне шалдығып қалуыңыз мүмкін. Ол кезде белгілі бір иістен қорқып, тірлігіңізді кейінге шегере беретін халге жетесіз.

Ө. Сансызбай