Күн сәулесінің жетіспеушілігі неге әкеп соғады?

Күн сәулесінің жетіспеушілігі неге әкеп соғады?
Фото: novostdon

Күн сәулесінің адам ағзасына жеткілікті мөлшерде болмауы қатерлі ісік (рак), жүрек ауруы секілді түрлі дерттерге шалдықтырады. Статистикаға сәйкес әрбір оныншы адам осының себебінен жиі сырқаттанады.

Бұл сала аясындағы зерттеу жұмыстарымен Кембридж университетінің ғалымдары білек сыбана кіріскен. Олар жасаған зерттеуде 42-82 жас аралығындағы 14641 егде кісі қатысып, жүргізілген тәжірибе нәтижесінде күн сәулесінің жетіспеушілігінен әйел мен ер адамдарда сүйек төзімділігі төмендеп, тез сынғыш және диабет, жүрек ауруы, онкология секілді сирек кездесетін ісік ауруларының тууына себепкер болатынын көрген.

Дәрігерлердің айтуынша, Д дәрумені адам денсаулығының зат алмасу процесіне белсенді түрде қызмет ететін химиялық элементтің бірі болып есептеледі. Бұл дәруменнің негізгі қызметтерінің бірі түрлі дерттерге төтеп беру екені белгілі. Д дәрумені  адам ағзасында көбіне күн сәулесі арқылы келетіндіктен, күнделікті түрде далаға шығып, аз ғана уақытқа күн астында серуендеу сізді түрлі аурулардан сақтайды. Ал қыс мезгілінде Д дәруменін балық немесе майлы сүт өнімдерінен  аласыз.

С. Ерсін