Сәбіз шырыны көзге пайдалы

Сәбіз шырыны көзге пайдалы
Фото: superkarate.ua

Қазіргі таңда жұмысымыздың көп бөлігін компьютердің көмегімен атқаруға тура келеді. Ал оның көзімізге, жалпы денсаулығымызға зиянды тұстарын айтпаса да белгілі. Сондықтан дәрігер мамандар көзімізді қорғау үшін сәбіз шырынын ішуге кеңес береді.

Ол адамның оптикалық жүйесін жақсартады. Оның құрамындағы пайдалы элементтер қанайналымды да қалыпқа келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр аурулары, бүйрек, бауыр ауруларына шалдыққан кезде өте пайдалы. Оны асқазан сөлінің қышқылдығын төмендету үшін де тұтынады. Күніне бір рет 100 мл-ден қабылдаңыз. Оған сүт немесе қаймақ қосып ішуге болады.

Сәбіз сусынын күніне 1-2 литр ішіп тұрсаңыз, денсаулығыңызды түрлі аурудан аман алып қалуға болады.

Ө. Сансызбай