Ғалымдар балық жеу адам өмірін ұзартатынын анықтады

Ғалымдар балық жеу адам өмірін ұзартатынын анықтады
Фото: kazvesti.kz

АҚШ ғалымдары 16 жыл бойы жүргізген зерттеу қорытындысын жариялады. Олар балықпен тамақтанған адамдардың өмір жасы ұзақ болатынын анықтаған.

Осыған байланысты жүргізілген сынаққа 65 жастан асқан үш мың ерікті қатысыпты. Қариялар тәжірибе барысында үнемі дәрігерлік тексеруден өтіп отырған. Медиктер олардың қан қысымын өлшеп, сараптама үшін қатысушылардан қан алған. Анализ нәтижелері қатысушылардың жеген тағамдарымен салыстырылған.

Ғалымдардың айтуынша, балық жеу ағзаға оңтайлы әсер етіп, адам өмірін орташа есеппен 2,2 жылға дейін ұзартады. Сондай-ақ, сынақ барысында балықты жиі жеген қатысушылар жүрек ауруларына шалдықпағаны белгілі болды. Денсаулығыңызды дұрыстағыңыз келсе, балық өнімдерін аптасына 2 рет жеуді ұмытпаңыз.

Дереккөз: 24.kz

С. Ерсін