Жасанды балды табиғи балдан ажырата аласыз ба?

Жасанды балды табиғи балдан ажырата аласыз ба?
Фото: diabetdieta.ru

Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араның қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Осы орайда табиғи бал мен жасанды балды адыратуға ешқандай сараптама көмектесе алмайды.

Жасанды балдың құрамында қант крахмалы, ұн, желім және гипс болады. Оның кейбіреуін үй жағдайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін 1 стақан қайнаған суға жарты стақан балды араластырыңыз. Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде қалдықтар шығады. Ол балдың құрамындағы крахмалдың бар екенін білдіреді.

Бал алынатын өсімдіктерге байланысты бал да түрлі-түрлі болады, солардың ең бастыларына тоқталып өтейік.

Түйе бұршақ балы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық янтарь түсті, хош иісті, глюкозаға бай. Түйе бұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай балы – мөлдір, жасыл-сары түсті, сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны кетуге пайдаланады.

Жүйке балы жақсы сортқа жатады. Сарғыш жасыл түсті балдың ьактерияны жоюға қарсы қабілеті бар, тамақ ауруына пайдасы мол, сондай-ақ тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шыбындық балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті болады. Балдың бұл түрімен тыныс алу, жүйке, жүрек, асқорыту жүйесімен емдейді.

Таңқурай балы ақ түсті болады. жоғарғы сортқа жататын балдың бұл түрін суық тигенде, тұмаудың алдын алу үшін пайдаланады.

Құрақұмық балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. жоғарғы сортқа жататын бұл балдың ерекше қасиеті бар. Қарақұмық балы темір, магний, мысқа бай болғандықтан қан ауруын емдеуге пайдаланады. Жүйке жүйесін емдеуде де қолданылады. Тері ауруларына да бұл балдың көмегі зор.

Г. Берік