Жапондар тұмауды бір күнде емдеуді үйренді

Жапондар тұмауды бір күнде емдеуді үйренді
Фото: tn.kz

Жапонияда тұмауды бір күнде емдейтін дәрі сынақтан сәтті өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа дәрі тұмау вирусының таралуына жол бермей, оны бірден өлтіреді. Ол  вирустың көбеюіне қажетті ферменттердің түсуіне қарсы тұрады. Тұмаудан жазылу үшін дәріні бір күн ішу жеткілікті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, дәрі клиникалық сынақтан өтіп, тиімділігін көрсетті. Екінші кезең қарашада тұмауға шалдыққандар күрт артқанда басталады. Ол кезде дәрі жүздеген адамға беріледі.

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің тиімділігі, қауіпсіздігі толық дәлелденгеннен кейін оған 2018 жылы лицензия беріліп, саудаға шығарылуы мүмкін деп есептейді.

М. Бисембаева