Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Секіртпе - саулық кепілі

Секіртпе - саулық кепілі

Секіртпе - саулық кепілі

Бала шағымызда секіртпеде секіріп ойнау қаншама қуаныш пен шаттық әкелуші еді. Кішкентай кездерді еске алып, секіртпені қайта хобби қылу - пайдалы істердің бірі екен. Неге десеңіз, мына себептермен танысыңыздар. 

1. Секіртпедегі жаттығулар төзімділікті жаттықтырып, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс жолдарының жұмысын жақсартып, қан айналымын реттейді.

2. Осындай жаттығудың бір сағаты сізді 720 ккалдан арылта алады.

3. Секіртпедегі жаттығулардың эффектілігін жылдам жүгірумен салыстыруға болады.

4. Бұлшық еттерді жаттықтыратын жаттығулар тіпті целлюлитпен күресте өте пайдалы бола алады.

5. Егер сіз спортқа құмар жан болсаңыз, ширату жаттығулары ретінде секірпеден секіруді таңдаңыз. 5-10 минут жаттығу денеңіздің бүкіл бұлшық еттерін ширатып шынықтырады.

6. Жүгіруді жақсы көрмейтін жандарға жақсы жаналық: секіртпеден секіру жүгіруге жақсы балама. Орта қарқында 10 минут секіру 3 километрлі  қашықтықты жүгіргенмен тең болады.

7. Физикалық жаттығулардың осындай түрі бұлшық ет координациясы мен ептілікті дамытады. Айта кетсек, боксшы жігіттер дәл осындай жаттығу түрін таңдайды екен.

Секіртпе - спорт пен физикалық жаттығулардың арасындағы ең оңайы. Ендеше ауыр спорт түрлері мен қиын жаттығулардың орнына осы жеңіл ойынды таңдап, денеңізді шынықтырып, саулықта сақтаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: health.allwomenstalk.com

2594 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 тамыз 2012, 14:24
Пікірлер
+0
03 тамыз 2012, 14:21

:) кезінде "кім нешеге дейін тоқтамай секіре алады " бір бірімізден асып түсу үшін жарысушы ек. Қызық болатын.

+0
03 тамыз 2012, 14:50

Эх, ешкі сияқты секірген күндерді-ай) Бой өседі деп секіруші едік

+0
07 тамыз 2012, 17:44

иа....қазіргілер секргісі келмейді, оларға ғаламтор болса болғаны

+0
08 тамыз 2012, 13:34

мен кеше секирип коргем...))) бала кезимде токтамай секиретин едим,ал кеше алкымым ашып...шаршап калдым((( бирак , сергип,женилдеп калдым....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...