Жаттығу жасау арқылы арықтау жолдары

Жаттығу жасау арқылы арықтау жолдары
Фото: vk.com

Адам аз қимылдау, тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы, эндокринды аурулар, мидың ауыр жарақаттануынан және кейбiр психикалық ауытқулар салдарынан артық салмақ қосады. Сондай-ақ семіздік тұқым қуалайды да.

Семiздік денсаулыққа өте қауіпті. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар ауыр психологиялық қиындықтарға душар болады. Ал бiздiң қоғам көбіне дене сымбатын жоғары бағалайды. Олай болса бүгін біз сіздерге жаттығу жасау арқылы арықтау туралы айтпақпыз.

- Спорт өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Жаттығу үшін жаттығу залына бару маңызды емес, үйде жаттықсаңыз да болады.

- Әртүрлі жаттығуларды кезекпен жасап тұрыңыз: аптасына бір рет 20 минут күшіңізді сарқа жасайтын жаттығулар орындау қажет.

- Бос уақытыңыз болса, гір тасын көтеріп жаттығу жасаңыз. Оны көзге көрінетін жерге қойып қойыңыз.

- Жаттығу алдында біраз жүгіріп алуды әдетке айналдыру керек, бұл өз кезегінде қыздырынуыңызға әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар беліңіздегі артық майдан айырылуға да көмегін тигізеді. Одан өзге буындардың жылдам зақымдануының алдын алады.

- Жүрекке жасаланатын жаттығуларды да ұмытпау қажет, бұл жаттығулардың уақытын 5 минутқа дейін созыңыз.

- Бұлшықеттерді созуға арналған жаттығуларды жасаңыз. Сонда бұлшықет тонусы өз күшінде болады.

- Уақыт жоғалтпа. Тіс тазалау кезінде отырып-тұруға қатысты жаттығуларды жасап тұр, телефонмен сөйлесу кезінде де қозғалыста бол.

- Көпқабатты үйде тұрсаңыз, баспалдақпен түсіп, баспалдақпен көтеріліңіз.

- Теледидарды жай жатып көрген дұрыс емес, одан да сүйікті киноңызды қолыңызға гантел ұстап, жаттығу жасап көріңіз.

- Жаттығудың кейінге қалдыруға болмайды. 10 минут уақытыңыз болса, жаттығу тамашалауға болатын видео көре отырып оны қайталаңыз. Кез келген спортшы мен модельдің айтатын кеңесі біреу ғана, ол – қимылдау.

О. Сансызбай