Үзіліссіз жұмыс денсаулыққа кері әсерін тигізеді

Үзіліссіз жұмыс денсаулыққа кері әсерін тигізеді

Ғалымдар үзіліссіз жұмыстың денсаулыққа кері әсерін тигізетіндігін анықтады. Осының салдарынан адам миының жасушалары өледі екен.

Америкалық ғалымдар адамның денсаулығына жұмыс графигі мен оның тығыздығы қаншалықты әсер ететіндігін анықтайтын тәжірибе жүргізді. Ол үшін тышқандарды 3 топқа бөлді және әрқайсысына сай график ойластырды. Бірінші топтағы тышқандар физикалық белсенділіктен кейін демалды. Ал екінші топтағылар жұмыс пен демалысты кезектестірді. Үшінші топтағылар мүлдем дерлік демалмады. Нәтижесінде бірінші топтағы тышқандардың миында төзімділікті арттыратын заттектер жасалып шыққан. Осы заттектің арқасында олар өзін ұстауды үйренген. Демалыстан кейін ағзадағы ақуыз деңгейі қалпына келіп, тәжірибеден өтуші тышқандардың денсаулығына еш кері әсерін тигізбеген.

Екінші топтағы тышқандардың да денсаулығында ешқандай ақау байқалмаған. Дұрыс құрылған графиктің арқасында тышқандардың денсаулығына кері әсері тимеген.

Үшінші топтағы тышқандардың денсаулығы нашарлаған. Тексерістен кейін тышқандардың миының жасушасы өлгендігі анықталған. Олар ұзақ ұйықтап, демалған соң да әлгі жасушылар қайта қалпына келмеген.

Демалыстың ағзамыз үшін, әсіресе миымыз үшін пайдасы зор. Сондықтан жұмыс пен демалысты кезектестіруді ұмытпаңыз. 

Қ. Бүйенбай