Күзде тұмауды емдеудің әдістері

Күзде тұмауды емдеудің әдістері
Фото: pics.com

Неліктен көп адам күзде тұмауратып ауырады? Климаттың өзгеруі, өмір ырғағының шапшаңдауы, жаңа күн тәртібі, жаңбырдың жиілеуі, ауаның ылғалдануы адам ағзасына әсер етеді. Иммунитеті төмен адамдар тұмауратып не суықтап ауруы мүмкін.

Тұмаудың алдын алу шарттары қандай?

Күніне бірнеше рет мұрын мен тамақты тұзды ерітіндімен шайыңыз. Ауладан келген соң қолыңызды сабынмен жууды ұмытпаңыз. Дәрумендер, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер, жалбыз, қаражидек, таңқурай қосылған шай ішіп тұрыңыз.

Егер тұмауратып қалған болсаңыз, ең алдымен тамақты шаю керек. Ол үшін сәлбен, балауыз тұнбаларын пайдалануға болады. Сондай-ақ сәлбен, жалбыз, эвкалипт, лимон, түймедақ эфир майларымен тамақты булау керек.

Мұрын қуыстарын кезекпен жылы сумен тазалаңыз. Душты жақындатып, алыстатып мұрынды шайыңыз. Бұл әдіспен әрі массаж жасап әрі тазалап шығасыз.

Мұрныңыз толып қала беретін болса, 2-3 сағат сайын мұрынға алоэ шырынын тамызып тұрыңыз.

Цитрусты сумен шомылуыңызға болады. Ол үшін апельсин, лимон не мандариннің 100-150 гр құрғақ қабығына 1 литр қайнаған су құйып, 30 минуттай тұндырыңыз. Раушан гүлінің майынан бірнеше тамшы қосып, су толы ваннаға құйыңыз. 15 минуттай жатып, демалыңыз.

Тұмауды емдеген соң иммунитетті нығайту керек. Ол үшін не істеуге болады? Физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, дәрі-дәрмек пен дәрумендер керек.

Ф. Абилова