Асыл тастың емдік қасиеті

Асыл тастың емдік қасиеті
Фото: alatoday.info

Ғалымдар асыл тастардың емдік қасиетке ие екенін айтады. Ол бір жағынан тастың түсіне байланысты. Қызыл түсті асыл тас от пен қызудың белгісі ретінде адамға молшылық пен үндестік сыйласа, көк түсті асыл тас жанға тыныштық береді. Қызғылт сары мен жасыл түс кез келген дерттен тез айығуға әсер етеді. 

Әр түстің қуаты тастың сапасына да тікелей байланысты. Тас неғұрлым таза, сапалы болған сайын, емдік қасиеті де соғұрлым ұлғая түседі. Сондықтан асыл тас аларда арнайы маманмен кеңескеніңіз жөн. Асыл тас бағалы, ал арзан тұратын тас – көшірме, сәйкесінше оның емдік қасиеті болмайды. Астрологтардың айтуынша, әр жұлдыз иесінің өз тасы бар. Кейде асыл тастың ішінен өзімізге жарасатын түстісін таңдағанымызбен, оның денсаулыққа беретін әсерін ескере бермейміз. Асыл тасты мұқият зерттеп, оның емдік қасиетін біліп жүрсеңіз, тас таңдауда адаспайсыз. 

М. Оңғарова