Күнге күйіп қалмаңыз

Күнге күйіп қалмаңыз

Жаз күндері бәрінің арманы жылы теңізге шомылып, жағажайда жатып, күннің сәулесіне жылыну емес пе? Алайда абай болғаныңыз жөн: күнге күйіп қалуыңыз әбден мүмкін. Бұл келеңсіз жағдайдың алдын қалай алып, орын алған жағдайда, қандай ем-дауалар қолдану керектігімен таныс болыңыздар.

Күнге күйіп қалмау үшін не істеу керек?

  • Ашық күннің астында жүру уақытын кішкенеден бастап, бірқалыпты түрде үлкейту керек. 15 минуттан бастап күнделікті 5-10 минут қосып отырыңыз.
  • 11-00 мен 16-00 арасында күннің астында жүрмеңіз: бұл кезде күннің сәулелері қауіпті болады.
  • Демалыста жүргенде бірінші бір-екі күн теріге күн сәулесінен қорғайтын крем жағып, одан кейін ғана күнге күюге арналған сұйықтықтар қолданғаныңыз жөн.
  • Жағажайда отырғанда мұздай суық су мен сусындарды ішпеген жөн, оданша салқын компот, морс, минералды су ішкен дұрыс.
  • Иегі кең бас киімді тіпті шешпеген дұрыс.

Егер күнге тым күйіп қалсаңыз:

  • Мейлінше көп су ішуге тырысыңыз. 
  • Құрамында С дәрумені, бета-каротин (сәбіз, орамжапырақ), Е дәрумені (жаңғақтар) көп тағамдарды жеңіз.
  • Қатты зақымдалған терінің бетіне қиярдың тілімдерін не жасыл шай қалташаларын қойыңыз.
  • Салқын душқа жиі түсіңіз.
  • Иіс сабындар мен әтір қолданбағаныңыз жөн. Сондай-ақ денеге арналған скрабтарды пайдаланбаған дұрыс. Жалпы құрамында спирті бар заттарды мүлдем қолданбаңыз.
  • Құрамында ши не пальма майы бар ылғалдандыратын кремдер мен лосьондар қолданыңыз.
  • Минералды суға бірнеше тамшы лаванда майын тамызып, сұйықтықты су шашқыш ыдысқа құйып қойыңыз. Ыдысты өзіңізбен тасып, күні бойы теріңізге шашып отырыңыз.
  • Мұз дайындайтын пішіндерге алоэ шырынын құйып, мұздатып қойыңыз. Мұзбен теріңізді сүртіп жүріңіз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А