Жүгіруді бастағысы келетіндерге арналған кеңестер

Жүгіруді бастағысы келетіндерге арналған кеңестер
Фото: www.zdorblog.com

1. Аяғыңызға ыңғайлы аяқ киім таңдай біліңіз.

Таңертеңгі жүгіруді шынымен қолға алғыңыз келсе, онда ең әуелі аяғыңыздағы аяқ киімге мән беріңіз. Табаны ауыртатын кедылардан гөрі, ыңғайлы крассовка кигеніңіз дұрыс. Әр 600-800 километр сайын спорттық аяқ киіміңізді ауыстырып отырыңыз. Және жүгірген кезде тізеңізге тізеқап киіңіз. 

2. Жүгіру техникасын үйреніңіз.

Егер жүгірудің техникасын меңгермей жүгіріп жүрген болсаңыз, онда сіз күш-қуатыңызды 50-70% артық жұмсайсыз. Ал мұндай жаттығудан кейін ертесіне жүгіруге де зауқыңыз соқпайды. Дұрыс тыныс алу керектігін ешқашан ұмытпаңыз.   

3. Аз- аздан бастаңыз.

Таңертең ерте тұрып, спорттық киімдеріңізді киіп, сыртқа шығып 15 минуттай жаяу жүріңіз. 2 аптадан соң сіз бұл дағдыға үйреніп кетесіз және жүгіру қиын соқпайды. 

4. Ағзаңыздағы су теңгерімін толтыруды ұмытпаңыз.

Жүгірген кезде адам тек терлеп қана қоймайды, сонымен қатар тыныс алуы да жеделдейді. Ал ол дегеніміз ағзадағы судың таусылуы. Жүгірген кезде қанша су жұмсасаңыз, үйге келгесін міндетті түрде сонша су ішіңіз. 15-20 минут жүгірсеңіз, 150-350 миллилитр су ішуді ұмытпаңыз.

5. «Әкел бесті».

"Әкел бесті" (дай пять) - жүгірушілердің бір-біріне күш-қуат беретін салттары. Өзіңіз секілді спортпен шұғылданып, жүгіріп жүрген адамды көрсеңіз қолыңызды көтеріңіз. Ер жігіттер әрқашан жауап қайтарады, ал қыздар әрдайым қолын көтере бермейді. Өйткені олар танысқысы келіп жүрген жігіттердің біреуі шығар деп ойлайды.

6. Жаттығу.

Жүгірудің алдында міндетті түрде төменнен бастап жаттығу жасаңыз: табан, балтыр бұлшықеті, тізе, жамбас, омыртқа секілді жерлеріңізге жаттығу жасап болған соң, жүгіруге кірісе беруге болады.

7. Абай болыңыз.

Жүгіру барысында құлаққап қолданбаңыз және айналаңызға қарайлап жүгіріңіз. Қатты сақ болыңыз. 

8. Жан-тәніңізбен беріліңіз.

Егер жүгіруді күнделікті әдетке айналдырып алсаңыз, тастау мүмкін емес. Әйгілі тележүргізуші Опра Уинфри былай дейді: "Жүгіру - өмірдегі ең ұлы метафора".

Ж. Исакаев