Ғарышкерлер тері ауруларына жиі шалдығады

Ғарышкерлер тері ауруларына жиі шалдығады
Фото: www.esa.int

Ғарышкерлердің терісі әдеттегіден жұқа және әртүрлі ауруға тез шалдығады. Мұндай деректі Еуропа ғалымдары ғарышкерлердің денсаулығын толық тексергеннен кейін айтып отыр.

Айта кетсек, NASA мен Еуропа ғарыш агенттігінің ұсынысы бойынша Саар университетінің (Германия) профессоры Карстен Кениг аталған зерттеу жобасына жетекшілік еткен. Биотехнология және лазерлі техника кафедрасының ғалымдарынан құралған команда ғарыш атмосферасының адам денесіне әсерін анықтауды мақсат еткен болатын.

Ол үшін ғалымдар ғарышкердің ғарышқа ұшқанға дейінгі және келген кездегі жағдайын мұқият бақылаған. Нәтижесінде ғарышкерлер ғарышқа ұшу барысында тері ауруларына шалдығатыны белгілі болды. Ғалымдар қолданған лазерлі аппарат адамның тері қабатындағы әрбір өзгерісті дәл анықтайды.

Зерттеу жобасына Лука Пармитанои (Италия), Саманта Кристофоретти (Италия) және Александр Герст (Германия) есімді Еуропа ғарыш агенттігінің ғарышкерлері қатысқан. Тәжірибе нәтижелері тері қабатындағы өзгерістердің қауіпті екенін көрсетті.

Ж. Өрісбай