Саңырау болып туылған адамды емдеудің жолы табылды

Саңырау болып туылған адамды емдеудің жолы табылды
Фото: testdnk.pro

Гарвардтың генетиктері саңырау болып туылған адамды емдеудің жолын тапты, - деп жазады ria.ru. Олар дәрілерін тышқанға беріп сынап көрген. Нәтижесінде, тышқан дертінен айығып, есту қабілетіне ие болған.

"Бұл вакцинамызды адамдарға беріп көрген жоқпыз. Оған әлі дайын емеспіз. Дәріде кемшіліктер бар. Соларды жөндеуіміз керек. Жақын арада дайын болады деп ойлаймыз", - деді Гарвард университетінің ғалымы Джефри Холт.

Холттың айтуынша, вакцинаны адамдарға 5-10 жылдан кейін ғана беріп сынап көруге болады. 

"Құлағы естімейтін адамдарға арналған имлантаттар бар. Бірақ, бұл бәрібір адамның өзінің құлағындай бола алмайды. Бұл құралмен дыбыстарды сол күйінде есту бәрібір мүмкін емес. Біз вакцинамызды тезірек жасап бітсек, талай адамның болашағын өзгертер едік", - деді Холттың әріптесі Маргарет Кенна.

М. Бисембаева