100 жасқа жеткіңіз келсе...

100 жасқа жеткіңіз келсе...

Бәріміз де жүз жасқа дейін өмір сүргіміз келеді. Ал ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сондықтан төмендегі бірнеше кеңесті назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр. 

1. Қызыл түсті көкөністер мен жеміс-жидектерді жеңіз.

Апельсинге қарағанда тәтті бұрыштың құрамында С дәрумені көп кездесетінін біреу білсе, біреу білмес. Сол секілді қызылша мен қызанақ та жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алатын нитрат пен ликопенге бай. 

2. Жылдам жүгіріңіз.

Жүгіру арқылы жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін қайтарасыз. Сонымен қатар велосипед айдау да өте пайдалы.

3. Банан жеңіз.

Бұл жеміс қан қысымын төмендетеді. Оның құрамындағы калий түрлі ауруға қарсы тұра алады. 

4. Тізені бүгу арқылы жаттығу жасау.

Бұл қарапайым жаттығу бұлшық еттеріңізді қатайтуға көмектеседі. Әсіресе егде жастағы адамдар үшін өте пайдалы.

5. Күніне бір шыны болса да шай ішіңіз.

Күнделікті шай ішіп жүрсеңіз, жүрек талмасы, қан қысымының көтерілуі секілді аурулардан өзіңізді сақтап қаласыз. 

6. Бір сағат ерте жатыңыз.

Ұзақ ұйқы адамға стресс, депрессия кезінде көп көмектеседі.

7. Үйіңізді таза ұстаңыз.

Үйін жиі тазалайтын адам үлкен мөлшердегі серотонинге ие. Ал ол жақсы ұйықтауға, дұрыс тамақтануға және бақытты ғұмыр кешуге себепші болады. 

8. Шұжықтың орнына бекон жеңіз. 

Шұжыққа қарағанда беконның құрамында калория көп. Ол жүрек-қан тамыр ауруларына қарсы төтеп береді. 

9. Күн сайын серуендеуге шығыңыз. 

Серуендеу адам миының жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. 

10. Йогурт жеңіз.

Пробиотигі бар сусындар ас қорыту жүйесін жақсартады. 

Бұл қағидалар сізге шынымен жүзге дейін жасауға көмектеседі. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызды екенін ұмытпаңыздар. 

Сурет: polza-vred.su, zdorblog.com, world-fact.ru, obertyvanies.ru, coolhouses.ru

Ж. Исакаев