Денсаулығыңды ұялы телефон арқылы қадағала

Денсаулығыңды ұялы телефон арқылы қадағала

Қазақстанда бірінші рет медицина-диагностикалық қаралудың  комплексті жобасы (CheckLife) қолға алынбақ. Иә, бар-жоғы алты сағаттың ішінде кез келген адам ерікті түрде күрделі зерттеулерден өте алады: компьютерлік томография, ультрадыбысты қаралу, магниттік резонанстық томография, қанның толық анализі және оған қоса тәжірбиелі маманнан денсаулыққа байланысты келелі кеңестер. Нәтижесінде қаралып шыққан адам өз денсаулығына байланысты барлық ақпараттармен толыққанды хабардар болады.

Сонымен қатар CheckLife 28-ге жуық таралып кету қаупі бар ауруларды генетикалық тестілеуден өткізуді күн тәртібіне қойып отыр.   

Енді ұялы телефон мен медицина-диагностикалық құрылғылардың арқасында емделуші өз денсаулығын үнемі назарда ұстайды. Пайда болып келе жатқан аурулар мен сырттан келуі мүмкін қауіптерден алдын ала хабардар болып отырады. Келешекте аталған технология Қазақстанның барлық өңірінде таралмақ.

Айта кетсек, медициналық қызмет көрсетудің осы бір жобасы Астанада ең алғаш ұсынылған болатын.

Сурет: ts.1in.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига