Ми жұмысын жақсартыңыз-2

Ми жұмысын жақсартыңыз-2

Ми - адамның ең аз зерттелінген ағзаларының бірі. Дауасы жоқ аурулардың көбісі осы миға байланысты неврологиялық аурулар екен. Олардың алдын алып, миыңыздың дамуын жақсартамын десеңіз, миды жаттықтырудың әдістерімен таныс болыңыздар. 

1. Ишарат тілін үйреніңіз.

2. Музыкалық аспаптың кез келгенінде ойнап үйреніңіз.

3. Кітапты уақытқа тез оқып көріңіз.

4. Уақытты ойша шамалап айтып көріңіз. Осы қасиетті дамытыңыз.

5. Дүкенде сатушыларға сенбей, ақшаңызды ойша санап жүріңіз.

6. Танысқан адамдардың есімдерін бірден есте сақтауға тырысыңыз.

7. Күнделікті бірнеше минут тыныштықта қалып, еш нәрсе жайлы ойламай, демалыңыз.

8. Теледидарды барынша аз қараңыз.

9. Өзіңізді басқа біреудің орнына қойып көріңіз. Және басқа біреу сіздің орныңызда қандай шешім қабылдайтыны жайлы да ойланып жүріңіз.

10. Өз-өзіңізбен тілдесетін, жалғыз қалып, ойланатын уақыт табыңыз.

11. "Өзіме күнделікті жаңа нәрсе ашамын" деген уәде беріңіз. 

12. Басқа елге саяхаттап не басқа халықтың дәстүрлері мен тіршілігі жайлы білуге тырысыңыз.

13. Көпшілік мойындаған әлемдік данышпандардың туындыларымен таныс болыңыз.

14. Қызығушылықтарыңыз бірдей кісілермен жиі әңгімелесіп тұрыңыз.

15. Әр кезде біреумен бәсекелесуге тырысыңыз.

16. Сізді жақтайтын ойларға қоса, қарама-қарсы пікірлерді тыңдаудан бас тартпаңыз.

17. Өзіңізге ұнайтын афоризмдерді жинақтап жүріңіз.

18. Классикалық өнер туындыларын оқыңыз.

19. Қиындықтарыңыз жайлы өзіңізге дауыстап айтуды әдетке айналдырыңыз.

20. Басыңыздан өткен қандай да бір оқиғаны егжей-тегжейімен айтып беріңіз.

21. Түрлі иістер мен дәмдерді ажыратып үйреніңіз.

22. Біреумен дауласқанда өз ойыңызды дәлелдермен келтіруге тырысыңыз.

23. Бір оқиғаны есіңізге алғанда көзіңіздің алдына сол сәтті бейнелеуге тырысыңыз.

24. Түстеріңізді жазып жүріңіз. Есіңізде болсын, әдетте адам оянғаннан кейін 5 минуттан кейін түсін ұмыта бастайды. "Түс күнделігін" ашып, ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден жазып алуды әдетке айналдырыңыз.

25. Жұмысқа не үйге түрлі жолдармен барыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: wiki.ciit.zp.ua

С. А