Ұзақ өмір сүрудің сыры

Ұзақ өмір сүрудің сыры

Бернардо ЛаПалло - 1901 жылы дүниеге келген ерекше адам. Ол өзінің осылайша ұзақ өмір сүруін былай түсіндіреді: - Мен ешқашан қызыл ет жеген жоқпын, тек органикалық тағамдарды тұтындым. ЛаПаллоның дәрігер әкесі оның дұрыс тамақтануын қатты қадағалаған. Сондықтан ол ұзақ өмір сүрудің 5 сыры бар екенін жасырмады. Ол - төмендегі 5 тағам. 

Сарымсақ

Сарымсақты барлық ауруға ем ретінде қолданған. Оның құрамында зарарсыздантыратын және бактерияға қарсы заттар бар. Сонымен қатар, оның жағымсыз әсері жоқ.

Бал

Балдың пайдалы екенін бәріміз жақсы білеміз. Сол сияқты Бернардо да оны түрлі ауруға төтеп бере алады деп есептейді.

Даршын

Даршын да сарымсақ секілді барлық елде дәрі-дәрмек ретінде қолданылды. Ол қандағы холестериннің деңгейін түсіріп, қант диабетінің де алдын алады.

Шоколад

Бұл тек балаларға ғана арналған десек қателесеміз. ЛаПалло шоколадты күш-қуат беріп, өмірімізді ұзартатын тағам деп түсіндіреді.

 Зәйтүн майы

Зәйтүн майының емдік қасиеті бар. Оны тұтынған адам ағзасында өзгеріс болғанын байқайды. 

113 жыл өмір сүріп, өзінің көрген-білгенімен бөліскен қарияның айтқан ақылдарын, кеңестерін ұмытпайық, достар! 

Сурет: www.giaoducvietnam.vn, sitesovet.com, nuclear-wallpapers.ru.com, pinster.ru, www.art-pen.ru

 

Оқи отырыңыз:

Мәнді әрі сәнді өмір сүргіңіз келсе...

Сүйегіңізді қатайтатын тағамдар

Күйзеліске түскенде көмектесетін тағамдар

Иммунитетіңізге пайдалы сусындар

Ж. Исакаев