Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Арықтау дүкен аралаудан басталады

Арықтау дүкен аралаудан басталады

Арықтау дүкен аралаудан басталады

Дүкен аралағанның арықтауға қандай қатысы бар деп ойлайсыз ба? Сіздің ойыңызша арықтау қай жерден басталады? Тамақ ішуге отырған сәттен бе? Жоқ, арықтаймын деген қыз өмірінің әр кезінде осы ұстанымын ұмытпау керек. Ал дүкенге барарда тіпті ерекше ережелерді есте сақтағаны жөн. Дүкеннен алған тағамның сапасы, құрамдас бөліктері, майлығына байланысты дайындаған тамағыңыз денсаулығыңызға пайдалы, не зиян болуы мүмкін. Дүкенге азық-түлік алуға барғанда мына кеңестерді есіңізге алыңыз.

1. Дүкенге қарыныңыз аш болғанда бармаңыз. Қарны аш адам бәліш, тәтті сияқты қарынды тез тойдыратын заттар алғысы келеді. Сондықтан аш қарынмен дүкенге бармаған дұрыс. Дүкенге аш бола тұра баруға тура келсе, үйден шығарда бір алма не йогурт жеп кетіңіз. Бұл тамақ алып болғанға дейін сізді тәтті бәліштер бөліміне кіруден сақтап тұрады.

2. Тізім жазыңыз. Дүкеннің сөрелерінде сырты жылтыр, дәмді көрінетін тағамдар жетіп жатыр. Қуырылған картоп, кептірілген нан, қажет емес, пайдасыз, консерванттарға толы тағам түрлеріне қызықпаймын десеңіз, алдын ала тізім жазып алғаныңыз жөн. Дүкенде тек тізімге сүйеніп, артық ештеңе алмаған дұрыс.

3. Сыртында "майсыз", "жеңіл", "диетаға арналған" сияқты жазуларға алданбаңыз. Бұл тек тауарды өткізудің жарнамалық жолы. Одан да тамақтың сыртындағы жазылған май, ақуыз және көмірсудың мөлшеріне назар салып қараңыз. Осы сандарды "оқи" алсаңыз, жеп жүрген тағамыңызға өзіңіз-ақ баға бере аласыз.

4. Табиғи тағам алыңыз. Алған азық-түліктің жартысынан көбі табиғи тағамдар болсын. Жемістер, көкөністер, дәндер, тіпті ұн өнімдері. Көкөністер қатарында қызанақ, орамжапырақ, сәбіз, қызылша, шөптердің түр-түрі, болгар бұрышы болсын. Жеміс-жидектерді бірнеше киллограмдап алыңыз. Қарныңыз аш болған сәтте кез келген жеміс сізге көмекке келе алады. Ананас, алма, банан және т.б. жеміс-жидектерді молынан алған жөн. 

5. Мына тағамдарды барынша аз алуға тырысыңыз:

  • өсімдік майы, сары май, маргарин, майонез бен түрлі соустар;
  • майлы ет, майлы балық не құс еті;
  • консервіленген майлы балық түрлері;
  • майлы қаймақ, сыр түрлері;
  • қанты көп тағамдар (торттар, тәттілер, кәмпиттер, кептірілген жеміс түрлері);
  • ішімдік.

6. Тағамның құрамын оқыңыз. Алғаш жазылған құрамдас бөлік осы тағамда ең көп қоспаның сол екенін білдіреді. Мысалы құрамы деген жерде май алғаш болып жазылса, осы тағамда майдың басқа заттардан көбірек болғаны. Майдың тағамдағы қатынасы 100 грамда 10 грамнан артық болмау керек.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет:vk.com

369 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 маусым 2012, 17:30
Пікірлер
+0
11 маусым 2012, 17:06

өсімдік майынсыз тамақ пісе ме ))

+0
11 маусым 2012, 17:09

азырақ қос дегенім ғо))

+0
11 маусым 2012, 17:18

Толғың келсе мұның бәрін керісінше жасау керек пе? :D

+0
11 маусым 2012, 17:31

)))қой жоқ :shock:

+0
11 маусым 2012, 21:06

сауатсыз мақала. МаргАрин, тіпті де у деуге болады. Майсыз тамақтануға болмайды, себебі бет терісінің сапасы түсіп, өзінің "упругость" қасиетін жояды. Майлы балық жеу керек, өйткені оның құрамындағы Омега -6 майы антиоксидант болып саналады, тез қартаюдан сақтайды. Өсімдік майларын, әсіресе зәйтүн майының арықтауға септігі зор. Алма немесе йогурт аш қарынға жеген адамның тәбеті одан сайын асқындайды, себебі алманың қарын сөлінің көптеп бөлінуіне себепші екені дәлелденген.Жалпы, мынау секілді делитанттық кеңестерден көрі, диетологтың (маманның) ақылын тыңдап, барып көріну керек. Қыздаааааааар, мына сайтты қаншама жас қыз оқиды, жазбаларыңа салмақты қарасаңыздаршы, өтініш!

+0
11 маусым 2012, 22:58

майсыз тамақтанбаңыз делінген жоқ, сол тағам түрлерін мейлінше аз алуға тырысыңыз деген кеңесте.

+0
11 маусым 2012, 22:59

anyway, renjime, birak makala wiki

+0
12 маусым 2012, 13:59

ренжімеймін)керек адам өзіне қажет ақпаратын алды деп ойлаймын

+0
12 маусым 2012, 23:02

оливковое масло колдану керек ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...