Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Денсаулық / Интернетке тәуелділіктен арылу

Интернетке тәуелділіктен арылу

Интернетке тәуелділіктен арылу

Егер осы мақалаға көңіл бөлсеңіз, қандай да бір дәрежеде интернетке тәуелдісіз деген сөз. Компьютер, не ноутбугыңызды көре қалған жағдайда «Поштамды тексере салайыншы» деп кіріп, кейін бірнеше сайттарды аралау мен чатта сөйлесу арқылы көп уақытыңызды сарп еткеніңізді сезбей де қаласыз. Сөйтіп, көп уақытыңыз өзіңізге кері жұмыс істеп, интернет денсаулығыңызға да  кері әсер етеді.

Интернет тәуелділіктен арылуды сол пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз.

Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз.

Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз.

Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз.

Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге.

Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар.

Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз.

Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз.

Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады.

Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады.

Сурет: doctor.kz

11274 9
Рейтинг: +4

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 05 маусым 2012, 09:15
Пікірлер
+0
05 маусым 2012, 12:34

интернеттің бір күші бар-ай тартып алатын :roll:

+0
05 маусым 2012, 12:44

ең соңғы пункт менің жанды жерімнен осып түсті :lol: :lol:

+0
05 маусым 2012, 12:48

Таймер қоямын енді.

+0
05 маусым 2012, 14:20

копмьютер алдында тамақ жесең толып кетесің дегенді естігем, сол қаншалықты рас?

+0
05 маусым 2012, 16:29

солай дей ме :lol:

+0
05 маусым 2012, 17:23

Бұның бәрі интернет желісіне қосулы компьютер жанына жақындағанда күшін әлсін-әлсін жоғалтады)

+0
06 маусым 2012, 16:08

Интернетке енді мүлде кірмеймін! деееп қатты сілтеп жіберген дей ма ;)

+0
07 маусым 2012, 00:18

Ең бір тиімді тәсілі далаға шығып қыдыру ғо

+0
11 наурыз 2013, 01:10

magan kereekk

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...