Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Шөппен емделуге байланысты кеңестер

Шөппен емделуге байланысты кеңестер

Шөппен емделуге байланысты кеңестер

Шөппен емдеу ғылымы қазір медицинада «фитотерапия» деп аталып жүр. Олай болса, денсаулыққа пайдалы 5 түрлі шөп туралы мәлімет ұсынамыз.

Лаванда. Латын тілінен аударғанда «жуу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі гректер мен римдіктер оны сабын жасау үшін пайдаланған, қазіргі кезде де ол көптеген сабын, сусабын және иіссулардың құрамында бар. Бұл өсімдік дене тазалығынан басқа мидың қалыпты жұмыс жасауына да пайдалы. Лаванданың хош иісі эмоциялық қысымнан айығуға, бас ауруынан арылуға және ұйқысыздықпен күресуге көмектеседі. Орамалдың шетін лаванда майымен сулап, жастықтың астына салып қойса, ұйқыға байланысты қиындықтар болмайды. Ежелгі Римде лаванданың ғажайып әсерлері туралы бұрыннан білген, оны кешкі жуыну алдында ваннаға қосқан. Егер күніңізді қатты ашуланумен өткізген болсаңыз, онда лаванда эфир майының бір тамшысын білегіңізге жағып қойыңыз. Содан кейін өзіңізді жақсы сезініп қаласыз.

Жанжабіл (имбирь). Көне Үнді жерінде жанжабілді өте қатты бағалаған. Жанжабіл көне қытай медицинасында қолданылған көптеген дәрілердің құрамына кірген. Жанжабіл гүлшанағының түрі иілген болып келеді. Өсімдіктің атауы да соған сәйкес, санскрит тілінен аударғанда «мүйіз сияқты» деген мағынаны білдіреді. Жанжабіл шайы көптеген қиындықтарды шешеді: ас қорытуды жақсартады, іш ауруын басады және зат алмасуға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, иммунитетті күшейтіп, тұмауды басады. Жанжабіл шайын жасаудың реті мынадай: 4-5 см жанжабіл кесегін қиып алып, тазалап, тураңыз. Су ысытып, жанжабіл қосып (1 литр суға), 10 минут ішінде қайнатыңыз. Содан кейін сүзіп алыңыз. Жанжабілдің әсерін күшейту үшін кішкене қара бұрыш, даршын, лимон және бірнеше қасық итмұрын шәрбатын қосуға болады. 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Сурет: supersadovod.ru, asiaspices.ru

Қосылған күні: 30 қыркүйек 2014, 10:47

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->