Гемоглобинді қалай көтеруге болады?

Гемоглобинді қалай көтеруге болады?

Қандағы гемоглобин үшін қан құрамындағы эритроциттер жауап береді. Егер лейкоциттердің саны артып кетсе, ол эритроциттерді басып, оның азаюына әкеп соғады. Мұндай жағдайға көп мөлшерде қан кеткенде немесе суық тиіп, созылмалы аурулардан кейін ұшырайды. Гемоглобиннің төмендеуін бет-жүздің бозарғанынан және әлсіздіктен байқауға болады. Темір, фоли қышқылы мен С дәруменін көп жесеңіз, гемоглобин қалпына келеді.

Ағзаның қан жасаушы қызметінің негізі біздің не жеп, не ішетінімізге байланысты. Ағзамен жақсы қабылданатын, қанға жақсы сіңетін тағам түрлерінің бірі сиыр етін (немесе сәл қуырылған бауыр етін) қарақұмық ботқасымен жеген дұрыс. Созылмалы аурулардан кейін ағза қалпына келу үшін көп мөлшерде ақуыз қажет.
Кагор, түйе жаңғақ немесе қызыл алма. Таңмен аш қарынға немесе түскі ас алдында 50 гр кагор ішу немесе 3-5 түйе жаңғағын жеу, күніне бір қызыл алма – міндетті түрде сіздің гемоглобиніңізге көмектеседі.
Анар. Анардың дәнін жейсіз бе, әлде шырынын ішесіз бе таңдау еркі өзіңізде.
Шикі сәбіз бен қызылша шырындарын ішу де өте пайдалы. Бұл көкөністердің шырындары ауызды қуырады, сол себепті аздап сумен араластырып ішсеңіз де болады. Бір күнде ½ стақан жеткілікті. Ескерту! Қызылша шырынын 2 сағаттай қойып қойған жөн. Содан соң барып қана ішіңіз.

Таза ауаға жиі шығыңыз, саябақта, қала сыртында, далада жиі серуендеңіз. Қанға оттегі қажет! Адам ағзасында барлық минералдар мен дәрумендер бір-бірімен байланысты. Егер біреуі жетіспесе, екіншісінің сіңуі екіталай. Темірдің жақсы сіңуі үшін В тобындағы дәрумендер мен (дәнді дақылдар) ішкі секреция бездерінің жұмысы жақсы болуы қажет.

Кеңестер мен ескертулер:

  • Гемоглобиннің қалпына келу процесі тез болмайды, әдетте жақсы нәтижеге жету үшін 3 айдай уақыт қажет.
  • Егер гемоглобин қалыпты жағдайдан өте қатты түсіп кетсе (дәрігер тексерісінен кейін) дәрігер жазып берген темір көбейтетін арнайы препараттарды қабылдаңыз.
  • Сонымен қатар, шай мен кофе (және соған ұқсас ішімдіктер) темірдің сіңірілуіне кедергі болатынын ұмытпаңыз.
  • Темір препараттарын кальций препараттарымен бірге қабылдамауға кеңес береді. Өйткені кальций ағзаның темірді сіңіруіне тосқауыл болады. 

Суреттер: airvent.su, informi.ru, calorizator.ru, bioaa.info, dumai-i-zdorovei.ru, koolinar.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты