Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Сүйелді емдеу тәсілдері

Сүйелді емдеу тәсілдері

Сүйелді емдеу тәсілдері

Қолдағы сүйелден қалай арыламыз? Бұл аурудан құтылудың бірнеше жолы бар. Бірақ ол тәсілдер әркімге түрліше әсер етеді. Бастысы сүйел шыққанда адам папиллома вирусын жұқтырғанын біліңіз. Ал оған қарсы дәріні әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Ақауды жөндегенмен, вирус адамның ағзасында қалып қояды. Сондықтан, сүйел кез келген уақытта қайта шығуы мүмкін. Оны қайта болдырмау үшін иммунитетті көтеріп, ағзаның қорғаныс қабатын күшейту керек. Төменде осыған қатысты бірнеше кеңестер:

– Емделу барысында иммуномодуляторларды пайдаланыңыз;

– Тұрақты түрде дәрумендер ішіңіз;

– Өмірдің қиын-қыстау кезеңдеріне қарсы тұрып, күйзеліске төтеп бере біліңіз;

– Дұрыс тамақтаныңыз;

– Қажет мөлшерде ұйқыңызды қандырыңыз;

– Көп уақыт таза ауада жүріңіз.

Иммунитет сыртқы жағымсыз әсерге төтеп беруге дайын болса, ешқандай да ауру оған қарсы келе алмайды.

Енді ақауды жөндеу туралы айтайық

1. Ең дұрыс әрі оңай тәсіл – халық емі:

– Сүйелді сарымсақпен үйкеп, үстіне сарымсақты қойыңыз және суын тамызыңыз;

Сірке қышқылы. Сірке суы мен ұн араласқан қамыр илеп, оны маска ретінде пайдаланып, сүйелге компресс жасаңыз;

Сүйелшөп. Мұны дәріханалардан таба аласыз;

Бор;

Ет. Жаңа сойылған малдың етін сүйелдің үстіне қойып, дәкемен ораңыз. Екі күннен кейін сүйел дәкесімен бірге кетеді;

Сүттіген, бақ-бақ. Емдеу үшін бұл екі өсімдіктің шырыны қажет болады;

Қызыл шетен. Бұл жидектен компресс жасау керек болады;

- Йод. Сүйелді күніне бірнеше рет йодтың көмегімен күйдіріңіз.

2. Дәріханалық өнімдер:

Салицил қышқылы және оның негізінде жасалған дәрілер;

Суперчистотел;

Ляпис (тек дәрігердің нұсқаулығымен ғана қолдану керек);

Ферезол;

Колломак;

Вартек (құрамы Кондилин мен Кондилайнға қатты ұқсайды);

Оксолин майы;

Солкодерм;

Веррукацид және т.б.

Жоғарыдағы тізімде ең көп қолданылатын дәрілер келтірілген. Олардың көпшілігі дәрігердің рұқсатынсыз сатылса да, өзім білем деп қолдана берудің қажеті жоқ. Кейбірінің кері әсері де көрсетілген. Нақты қай дәріні пайдалану керектігін маман шешеді.

3. Заманауи медицинаның тәсілдері:

Сұйық азотпен емдеу;

Сүйелді лазермен кетіру;

Электрокоагуляция;

Хирургиялық жолмен жою.

Ал сіз сүйелді қалай кетіресіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 қыркүйек 2014, 18:41

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.