Құшақтасудың қандай пайдасы бар екенін білесіз бе?

Құшақтасудың қандай пайдасы бар екенін білесіз бе?

Соңғы рет қашан ата-әжеңіздің мойнына асылып, балаңыздың маңдайынан сүйіп құшақтадыңыз? Ал туған-туысқан, құрбы-құрдастарыңызды ше? Ал оның пайдасы туралы білесіз бе? Кезекті материалымызды осы тақырыпқа арнаймыз.

Құшақтасудың сіз бен біз біле бермейтін пайдасы мол. Зерттеулер нәтижесі, құшақтасудың тек адам психологиясына әсер етіп қоймай, мұнымен қатар денсаулығын қалпына келтіретіндігін анықтап отыр.

Вирджиния Сатирдің айтуы бойынша, күнделікті қалыпты өмір сүру үшін 4 рет, жақсы өмір сүру үшін 8 рет, өте жақсы өмір сүру үшін 12 рет құшақтасуымыз керек екен. Бұл тек ғашықтардың құшақтасуына қатысты емес.

XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап ғалымдар адамның жүйке жүйесінде кездесетін эндорфин атты химиялық затты зерттей бастады. Эндорфин дегеніміз – ауырсынуды басып, эйфория сезімін шақыратын морфин тәріздес зат.  


Жоғарыда аталған зерттеулер құшақтасудың нәтижесінде жүйке жүйесі осы табиғи затты өте көп мөлшерде бөлетіндігін дәлелдеп отыр.

Жақындарының жанында екенін сезбеген кезде адам шынайы өмірмен байланысын үзеді.

Адамның терісінде сыртқы ортаға жауап беретін мидың белсенді бөлігі бар. Егер баланы еркелетіп, құшақтамаса, миының осы бөлігі жансызданып, иммундық жүйесі зардап шегеді.

Кішкентай кезімізде ата-анамыздың жылы алақаны мен құшағы біздерге сүюді үйретеді. Ал 7 жасқа дейін туғандарынан қамқорлық көрмеген бала сүюдің не екенін білмей қалуы мүмкін. Олардан психологиялық ауытқуы бар, айналасындағыларды жек көретін, террорист сынды адамдар қалыптасады.

 

Бұдан өзге бір-бірін сирек құшақтайтын қоғам агрессивті болады екен. Осыған байланысты нейропсихолог Джеймс Вильям Прискот әке-шешесі қолына алып, маңдайынан сүймеген балалар болашақта адам өлтіруге бейім келетіндігін айтады.

- құшақтасу иммундық жүйені қалпына келтіреді;

- орталық жүйке жүйесін ынталандырады;

- тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді;

- күш-қуат береді;

- жасартады;

- күйзелістен арылтады;


- гормонның окситоцин көлемін ұлғайтады;

- қан қысымын төмендетеді;

- жүрек ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді;

- гемоглабин деңгейін көтереді;

- иммунитетті күшейтіп, кез келген аурудан сауықтырады;

- адамның өзін дұрыс бағалауына септігін тигізеді;

- ішкі қорқыныштан арылтады;


Ежелгі Шығыс жазбаларында құшақтасу адам баласына ең керекті іс-әрекет ретінде сипатталады. Оның адамды емдеп, жасартатын ерекше қасиеті де бар екен. Айналамыздағы барлық тірі жан иесі қамқорлыққа зәру. Сондықтан ата-әжемізді, ата-анамыз бен балаларымызды, сүйіктімізді құшақтауды ұмытпайық!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Yerlan Kidirov, вк желісінен

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда