Семіздіктің 7 қатері

Семіздіктің 7 қатері

Қазақта «Арғымақта артық ет болмайды» дейтін сөз бар. Ендеше семіздіктің кесірінен туындайтын ауру қатеріне назар салып көрейік.

1. Жоғары қан қысым

Көптеген семіз адам жоғары қан қысым ауруына оңай шалдығады, жүрек қызметі де әлсірейді. Семіз адамдардың миға қан құйылу ауруына шалдығу салыстырмасы қан қысымы қалыпты адамдармен салыстырғанда 3 есе жоғары болады.

2. Қантты несеп ауруы

Артық мөлшердегі май жасушасы ұйқы безінің көп мөлшерде инсулин бөліп шығаруын қажет етеді, бұлай болғанда ұйқы безінің қызметі әлсіреп, қандағы қант құрамы артады. Семіз әйелдердің қалыпты дене салмақтағы әйелдермен салыстырғанда қантты несеп ауруына шалдығу салыстырмасы 4 есе жоғары болады.

3. Бүйрек ауруы

Бүйрек денедегі қанды күніне 25 рет сүзіп, қандағы жарақсыз заттар мен уытты тазартып, қандағы тұз құрамы, су құрамы және басқа заттардың тепе-теңдігін сақтайды. Дене салмағы артқанда денедегі маңызды мүше бүйректі зақымдайды.

4. Өкпе қызметін әлсіретеді

Өкпенің қызметі бүкіл денені оттегімен қамдап, көміртегі қос тотығын сыртқа шығарады. Семіз адамдардың дене салмағы артатындықтан, көп мөлшерде оттегін қажет етеді, осы кезде ұйқы басу, тыныс алуы қиынға соғу, қызыл жасуша көбею сияқты құбылыстар пайда болып, соңында жүрек пен өкпе қызметін әлсіретеді.

5. Түрлі қатерлі ісік ауруларына оңай шалдықтырады

Мысалы, ішектің қатерлі ісігі, тік ішек қатерлі ісігі, омырау рагы сынды ауруларға шалдығу оңай.

6. Жон-арқа ауру

Дене салмағы артқанда денеге түсетін ауыртпалықты арттырып, жонның ауруына шалдықтырады. 

7. Операцияның қатерін арттырады

Семіздігі күн сайын асқынған адамдарға наркоз қоюдан операция жасағанға дейінгі барыста күтпеген қатерлі жағдайлардың туу салыстырмасы да жоғары болады. Ең үлкен қауіп-қатер жүректің әлсіреуі. Сонымен бірге, жарақат аузы оңай қабынады, арық адамдармен салыстырғанда ауруханада жату уақыты да ұзақ болады.

Бұдан басқа, тұрмыс сапасын төмендетіп, еңбек істеу қуатына ықпал жасайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: sci.ce.cn

M. Auelkhan