Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Не үшін арықтаймын?

Не үшін арықтаймын?

Не үшін арықтаймын?

Қыздардың ең бір ауыр тақырыбы - арықтау мәселесі. Таразыға тұрарда жүрегі дүрсілдеп, өлшеуіштің тіліне қорқып қарайтын қыздар артық салмақтың денсаулыққа да, көңіл-күйге де тигізер зардабын біледі. Ең қызығы, арықтауда тұрған еш қиындық жоқ. Мәселе тек арықтаймын-ау деген ниетте. Шынымен артық салмақты лақтырып, әдемі де әсем боламын деген ойлар диета мен спортпен айналысуға демеу болады. Алайда біршама уақыттан кейін қайта тәтті торттар жегіңіз келіп, таңғы жаттығуларға оянғыңыз келмей қалады. Осындай кездері ынталандыратын мына сөздерді есіңізге алып, "Не үшін арықтаймын?" деген сұраққа нақты жауап беріңіз.

  • Қазіргі көйлегіңізді киіп, оның сізге кең екенін аңғару үшін.
  • "Әлгі арық, сұлу қыз" деп сізді біреу еске алуы үшін.
  • Сізді "томпақ қыз" деп айтқандарды таң қалдыру үшін.
  • Арық құрбыларыңыздың киімдерін алмасып кию үшін.
  • Достарыңыз сіздің сұлу суреттеріне жүздеген пікір қалдыруы үшін. 
  • Кез келген дүкенге кірген бойда, сізге келетін киім табылуы үшін.
  • Сізді қоғамдық желілердегі суреттерде біреу белгілеген болса, оны өшірмес үшін.
  • Арық құрбыларыңыздың аянышты сөздерін естімес үшін.
  • Еңкейгенде ішіңізде бірде-бір әжім болмас үшін.
  • Еріншектер мен тәттіқұмарлардан басымдылығыңызды сезіну үшін. 
  • Басқалардың көзінше тамақ ішуден ұялмас үшін. 
  • Ешкімнен-ақ комплимент естімей, өзіңізді сұлу сезіну үшін.
  • Жаңа киімдерді киіп көру сіз үшін көңіл көтеретін жай болу үшін.
  • Құрбыларыңыздың арасында ең сұлуы сіз екенін білу үшін.
  • Биік өкше кигенде, аяғыңыз ерекше тартымды болып көрінуі үшін.
  • Үйде киетін үлкен футболкада өзіңізді кіп-кішкентай сезіну үшін.
  • Дүкенде денеде бос тұратын киімдерге ғана көңіл аудармас үшін. 
  • Жігіттердің сізден ең көп сұрайтыны сіздің телефон нөміріңіз болу үшін.
  • Той-жиындарға расымен күшті көйлек киіп бару үшін.
  • Спортпен рахаттанып шұғылдану үшін.
  • Жігітіңіздің әдемі, дені сау қызы болу үшін.
  • Жігітіңіздің сізді мақтан тұтанынын білу үшін.
  • Кезінде сізді тастап кеткен жігіт бармағын тістеу үшін.
  • Ашуыңызды келтіретін адамдар қасында бола қалғанда, сіздің сұлулығыңызды көріп, іштері күюі үшін.
  • Емхана мен ауруханаларға бармас үшін.
  • Адамдар сіздің жігеріңіз бен қажымас қайратыңызға таң қалуы үшін.
  • Айнаға қарап: "Мен расында кереметпін" деп ойлау үшін.
  • Сіңліңізге, құрбыңызға үлгі болу үшін.
  • Демалыстарды теледидар алдында қуырылған картоп жеп емес, табиғатта достарыңызбен не сүйіктіңізбен өткізу үшін.
  • Көшеде аяғыңызды сенімді басып, жан-жағыңызға күлімсіреп қарау үшін.
  • Адам лық толы автобустан оңайлықпен шығу үшін.
  • Жігітіңіз сізді әлемнің барлық еркектерінен қызғануы үшін.
  • Жігітіңіз сізді тастап кетеді деп қорықпас үшін.
  • Құрбыңыз не анаңыз сіз жаңа көйлек кигенде, оның сізге жарасатындығы туралы өтірік айтпас үшін.
  • Адамдардың есінде болу үшін.
  • Жазғы демалысқа көлге шомылуға бару үшін.
  • Арық болу үшін.
  • Деніңіз сау болу үшін.
  • Әдемі болу үшін.
  • Өзіңіз үшін.

Сурет: fitnesswithrichard.co.uk.

901 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 17:51
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 17:29

менің жауабым: адам лық толы автобустан оңайлықпен шығу үшін. :)

+0
18 мамыр 2012, 19:43

Маған арықтап қажеті жоқ))

+0
18 мамыр 2012, 23:08

Не үшін деген несі?! :lol: Керек деді ғой керек :)

+0
19 мамыр 2012, 22:25

Көшеде аяғыңызды сенімді басып, жан-жағыңызға күлімсіреп қарау үшін.!Әдемі болу үшін.!Құрбыларыңыздың арасында ең сұлуы сіз екенін білу үшін :)

+0
20 мамыр 2012, 15:07

Арық болса, әдемі болып кетесін деген сөз емес қой, толықша болса да өте сұлу қыздар арамызда толып жүр!

+0
21 мамыр 2012, 16:17

:) мен бұ л сұрақты өзіме қоймаймын!

+0
24 мамыр 2012, 16:48

осы уақытқа дейін арықтау туралы ойламаппын, керегі де жоқ )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...