Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тұтықпаға ауру ретінде қарауға бола ма?

Тұтықпаға ауру ретінде қарауға бола ма?

Тұтықпаға ауру ретінде қарауға бола ма?

Қазақ тұтықпаны быдық, кекеш деп те атайды. Сөйлегенде сөздің қайталануы, тоқтап қалуы, ұзарып кетуі сияқты құбылыстар үнемі пайда болады. Кейде тынысы тарылу, ентігу, жүрек қысылу, бет қызару, сөйлеуден жасқану сынды ауру белгілері де қосанжарлайды.

1. Тұтығу көбінесе 7 жастан ілгері байқалады

Тұтықпа – сөз ырғағының қалыпсыздығы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұтықпаға берген анықтамасы – тұтықпа адам айтпақшы ойын біліп тұрғанымен, амалсыздан, сөз буынының қайталануы, ұзаруы немесе тоқтап қалуынан, сөз уағында ауыздан толық шықпай қалады.

2-4 жас аралығындағы балалардың сөйлеуді үйрену мезгілінде мөлшермен 5% балада тұтығу құбылысы пайда болады. Мұның 40% тұтықпасы мектеп табалдырығын аттаудан бұрын табиғи жоғалады, ал қалған 40% жастық мезгілге барғанда ғана жоғалады. Мұны қатерсіз тұтықпа дейді, сондықтан, 80% баланың тұтықпасы табиғи түрде жоғалады.

Балалық дәуірде пайда болған тұтықпа есейгенге дейін жалғасып, қалпына келмесе, мұны жетілу сипатты тұтықпа деп атайды. Мұндай ауруға шалдығу мөлшері дүние жүзі бойынша 1% айналасында болады. Тұтықпаның ер-әйел ортасындағы салыстырмасы ¼ болады. Әдетте, тұтықпаны зерттеу және емдеудің қамтитын көлемі негізінен жетілу сипатты тұтықпа мен жетілу сипатты тұтығушы болады. Мұнан басқа бір түрлі өте аз ұшырайтын тұтықпаны жүре пайда болған тұтықпа деп атайды. Тілі қалыпты жағдайда жетілген ересек адамдардың миында ауру өзгерісі себебінен (сыртқы жарақат, қабыну немесе қан тамырдағы аурулар) пайда болатын тұтықпаны қайталау сипатты тұтықпа деп атайды.

2. Тұтықпа тек сөйлеуде ғана бейнеленбейді

  • Сөз сөйлеу жағында: тұтығушының ұғынықсыз сөйлеу барысында пайда болған жиілігі қалыпты адамдардікінен жоғары, жалпы сөйлеген сөздің мөлшермен 10% ұстайды. Оның үстіне сөйлеу жағындағы белгілері де ұқсамайды. Қалыпты адамдардағы тілдің ұғынықсыздығы әдетте, жалпы сөздік қор, қысқа сөз немесе сөйлемнің қайталануында байқалады. Ал, тұтығудан болған сөздің ұғынықсыздығы жеке сөздер тудырған сөздің бөлініп қалуын көрсетеді.
  • Көңіл-күй жағында: қалыпты адамдардың тұтығу құбылысы ауызша сөзді бейнелеудегі ағаттықтың бір түрі. Бұған бола көңіл-күйде өзгеріс туыла қоймайды. Ал, тұтығушылар сөйлеу барысында, басым көбінде салғырттану болады. Егер, сөйлеудің алдында мазасызданып, уайымға салынып, жасқанып қалса сөйлегенде абыржиды және ыңғайсызданады. Мұндай кезде тұтығушыларда аяқ астынан қамығу, торығу, өзін кінәлау қатарлы көңіл-күй пайда болады.
  • Зейін-зерде жағында: қалыпты адамдардың сөз сөйлеуі зейін-зерденің қатысуын қажет етпейтін, жоғары дәрежелі автоматтанған барыс деп қаралады. Былайша айтқанда, сөйлеуші тек сөйлейтін мазмұнын ғана ойлайды, сөйлеу формасы мен қимылына назар аудармайды. Ал, тұтығушылар сөйлеген кезде, сыртқы ортаның салдары мен іштей жасқану сезімінің ықпалына ұшайды, ылғи да қамығады және зейіні бөлінеді. Сөйленген сөздің іркіліссіздігіне құлшынады, тұтығудың сезіліп қалуының алдын алғысы келеді.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: blogspot.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 25 мамыр 2014, 13:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.